Қаржы • 28 Мамыр, 2018

Банк ВТБ Masterсard төлем карточкаларын шығаруды бастады

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Банк ВТБ (Қазақстан) Masterсard халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын шығаруды бастады. Бұл туралы бүгін банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк ВТБ Masterсard төлем карточкаларын шығаруды бастады

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма мүшесі, Бөлшек бизнес департаментінің Директоры Артем Бадыков: «Банктің меншікті эмиссиясы біздің клиенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Masterсard – әлемдегі ең танымал төлем жүйелерінің бір. Оның карточкаларымен 210-нан асатын елдерде төлем жасауға болады. Біз жанасусыз төлеу технологиясы бар Mastercard карталарын шығарамыз, сол себептен сатып алуларды бұрынғыдан да жылдам және қолайлы төлеуге болады. Одан басқа Интернетте тауарлар мен қызметтерді төлеуді жүргізу кезінде карталарды ұстаушылар төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Masterсard SecureCode технологиясымен қорғалған» дейді.

Енді Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне Mastercard дебеттік және кредит карталары қолжетімді. Картаға тапсырыс беру үшін клиент жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Сонымен қатар банктің кез келген клиенті, немесе ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер тиімді шарттарда еңбекақыны аудару үшін Банк ВТБ (Қазақстан) карталарын аша және еңбекақы жобаларын жүргізе алады.

Өз кезегінде Қазақстан, Армения және Беларусь бойынша Mastercard Басқарушы директоры Нина Виллемс: «Mastercard – бұл жаһандық төлем жүйесі және технологиялық компания. Біздің өнімдер ең әртүрлі тапсырмаларды одан да жеңіл және қолайлы шешуге көмектеседі, біз Mastercard карталарын енді Банк ВТБ (Қазақстан)-да ашуға болатындығына өте қуаныштымыз. Біздің команда инновациялар Қазақстанда да қолжетімді болуы үшін үнемі жұмыс істейді, және біз Mastercard карталарын ұстаушылар басқа елде саяхаттап жүрсе де немесе картаны үйде пайдаланса да олардың артықшылықтарын жоғары бағалайды деп үміттенеміз» – дейді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ