Аймақтар • 28 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстанда тыңайтқыш зауыты іске қосылды  

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі ірі агроқұрылымдардың бірі«Тайынша-Астық» ЖШС-нің қаражатымен Зеленый Гай елді мекенінде елімізде  сұйық минералды тыңайтқыштар өндіретін алғашқы зауыт іске қосылды.

Солтүстік Қазақстанда тыңайтқыш зауыты іске қосылды  

Кәсіпорынның ашылуында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров минералдық тыңайтқыштар  ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін  3-5 центнерге молайтатынын, алдағы уақытта осындай құрылымдар әр ауданда бой көтеретінін жеткізді.

«Тайынша-Астық» фирмасының директоры Анатолий Рафальскийдің айтуынша түйіршектелге тыңайтқыш  белгілі бір уақыт аралығында да ғана қолданылады. Оның өзінде 30-40 пайыздайы ауада буланып кетеді. Тыңайтқыштың  сұйытылған түрі  екі жыл бойы сынақтан өткізіліп, экономикалық тиімділігі әбден зерттелгеннен кейін 50 миллион теңгеге зауыт тұрғызуға шешім алынған. Оның құрамындағы пайдалы қоспалар, мәселен, азот топыраққа толығымен  сіңеді. Арнайы техниканы да қажет етпейді. Бүріккіштер болса жеткілікті. Гербицидпен бірге кез келген вегетациялық кезеңде қолдануға болады. Заманауи қондырғылар Ресейден әкелінген.  Күніне 100-120 тонна өнім өңдеуге қауқарлы.  Өңдеу әдісі қарапайым.  Арнайы енгізілген бағдарламаға сәйкес қазандық іске қосылып, су қайнатылады.Оған карбамид араластырылып, аммиак селитрасы қосылады. Қажетті қоспалар дайын болған соң бөшкелерге құйып алынады. Сапасы жақсы.

Мәскеулік «НАГРО» компаниясының коммерциялық директоры Андрей Глазко шаруашылықтарда осындай үлгідегі 25 шағын зауыт салуға мүдделілік танытып отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.