Қазақстан • 31 Мамыр, 2018

Агроөнеркәсіп кешенін және азық-түлік жеткізілімін дамыту туралы баспасөз мәслихаты өтті

518 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарованың қатысуымен «Алматыда агроөнеркәсіп кешенін және азық-түлік жеткізілімін дамыту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Агроөнеркәсіп кешенін және азық-түлік жеткізілімін дамыту туралы баспасөз мәслихаты өтті

Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы бастығы орынбасарының айтуынша, азық-түлікпен жабдықтау, ең алдымен, өңірлерден ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастырумен байланысты. Апта сайынғы қалалық жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері орташа нарықтық бағадан 15-20% төмен сатылады. Бұл жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ынталандыруға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері қаланың 6 ауданында 230 жәрмеңке өткізілді. Ақшалай баламада бұл 1,5 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, жылыжай кешендерін салу арқылы өз өндірісін дамытуға ерекше назар аударылады. Осылайша, биылғы жылы 5 мың тонна қуаты бар «BR BRAPK» ЖШС-нің 8 гектар жылыжай кешенін кеңейту жоспарланып отыр. Жобаның құны – 8,3 млрд. теңге. Сондай-ақ, 12 гектарға арналған «GreenAgroKz» ЖШС 11,5 млрд. теңге тұратын көкөніс жылыжайының құрылысы жоспарланған.

Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша азық-түлік қауіпсіздігімен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытында жұмыс жүргізілуде. Бағаны тұрақтандыру мақсатында «Алтын-Орда» көтерме орталығымен 50 ірі бөлшек сауда объектілеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін (пияз, картоп, қызылша, сәбіз) араластыру туралы келісім жасалды. Бұдан басқа, Алматы қаласының Тұрақтандыру қоры бар. Сатып алу іс-шаралары туралы шешімге сәйкес 687,2 млн. теңгеге азық-түлік өнімдерінің бес түрі сатып алынды: қант, күріш, макарон, 1 сұрыпты ұн, қарақұмық және өсімдік майы.

Пилоттық режимде маусымаралық маусымда бағаны сақтау үшін көкөніс таңбалау бағдарламасы (картоп, сәбіз, пияз) сыналды. «Алматы ӘКК» АҚ және қаланың сауда кәсіпорындарында көкөністің сату бағасын белгіленген бағамен сату бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асырды. Желілер айналым капиталын 500 млн. теңгеге қамтамасыз ету мақсатында, 1,1 млрд. теңгеге 10 мың тонна көкөніс сатылды. Аталған іс-шараның мақсатында картоп 5,7%, сәбіз 1,4% және пияз бағасы 9% дейін төмендеді.

Сонымен қатар, басқармасы бастығының орынбасары азық-түлік өнеркәсібі дамуының қарқыны және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тетіктері туралы әңгімелеп берді.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

АЛМАТЫ