Қазақстан • 04 Маусым, 2018

ЮНЕСКО өкілдері меморандумға қол қойды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойын­дар комитетінің өкілдері ресми сапар­мен елордаға келді. Себебі дүниежүзілік мәр­те­беге ие бұл құрылым 2021 жылы ғалам­да тұңғыш рет әлемдік этноойындар олимпиадасын өткізді жоспарлауда. Аталмыш доданы өткізуге Жапония, Канада қатарлы дамыған елдермен қатар Қазақстан да ниет білдіруде.

ЮНЕСКО өкілдері меморандумға қол қойды

Осы орайда, жоғарыдағы ұсынысты талқылау мақсатында ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитет үйлестірушісі Марселлин Дэлли және хатшысы Шамми Рана мырзалар елордадағы Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлымен жүздесіп, екіжақты келіссөз жүргізді.

Шара аясында ЮНЕСКО, Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ мәртебелі қонақтар Астана өткен ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын тоғыз елдің команда жетекшілері және еліміздегі ұлттық спорттың жетекші мамандары қатысқан «Этноспортты дамыту және насихаттау» тақырыбында семинар-кеңеске қатысты.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар