Адам өлімі статистика емес

Сарыағаштағы 7 жасар баланың оқиғасы ел арасына енді тарай бастағанда Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі оқиғаны жоққа шығаруға тырысқаны бәріне мәлім.

Егемен Қазақстан
05.06.2018 185
2

Алайда кейіннен жұрттың жұмылуымен мәселе  Елбасы назарына дейін жетіп, істі жабуға тырысқандардың тауы шағылды. Кешегі күндері KADEX көрмесінде бір адам оқыс қайтыс болғаны белгілі. Өркениетті қоғамда мұндай жағдайда шараны ұйымдастырушы тұлғалар кешірім сұрап, қателікті қайталамауға уәде беріп жатады. Ал бізде көрмеге жауапты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов журналистерден қашып, сұрақты жауапсыз қалдырды. Он екі адамның өмірін қиған менингит жұқпалы ауруына қатысты баспасөз мәслихатын өткізген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та осы «үлгіден» ұзап кетпеді.

Төтенше жағдай немесе созылмалы шиеленіс кезінде бұқарамен тиімді байланыс орнату аса маңызды. Әлемдік тәжірибеде мұны кризис коммуникациясы дейді. Негізгі идея – халықтың шынайы ақпаратты уақтылы алуға деген мұқтаждығын қанағаттандырып, көпшіліктің үрейге бой алдыруына жол бермеу. Ақпарат неғұрлым кеш берілсе және ақпарат берушінің беделі төмен болып, айтқан сөздері адамдардың сенімінен шықпаса ел дүрлігіп, халықты басқару қиындап кетеді.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда кризис коммуникациясының рөлі арта түсті. Себебі ресми мекеме жағдайды саралап, асықпай баяндама жасаймын дегенше әлеуметтік желілер оқиғаны санаулы секундтар ішінде барша халыққа жеткізіп үлгереді. Тиісті ұйымнан дер кезінде нақты ақпарат тарамаған кезде, ел арасында неше түрлі алыпқашпа әңгіме көбейеді, күдіктер күшейеді. Лауазымды тұлға тұрғындардың алдына шығып, мәлімдеме жасаймын дегенше ақпараттық фон теріс сипат алып, айтылған әрбір сөз сенімсіздікпен қабылданады.

Менингит ауруы жедел тарай бастады деген алғашқы ақпарат екі апта бұрын пайда болды. Сырқат белгілерімен ауруханаға түскендердің 15-і менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Өкінішке қарай, олардың үшеуі көз жұмған болатын. Араға екі апта салып, ауруды жұқтырғандар саны 58-ге, өмірден озғандар саны 12-ге жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі деңгейіндегі лауазымды тұлғалар мәлімдемелер таратып, сақ болуға шақырып жатқанымен, мекеменің бірінші басшысы бұқара алдына кеше ғана шықты. Е.Біртановтың бір сағаттық мәслихаты халықты тынышталдырудан гөрі одан әрі ашу мен ызаға бөлеп, халықтың шарасыздық сезімін тудырды. Біржақты Денсаулық министрін кінәлаудан аулақпыз, бұл жерде ұпай іздеген желі қолданушылары мен сенсация қуалағыш басылымдардың да «еңбегі» бар. Дегенмен, министр кризис коммуникациясы тұрғысынан бірнеше қателік жіберді деп білеміз.

Ең әуелі министр қайтыс болған адамдардың жақын туыстарына көңіл айтып, марқұм болған жандардың өмірін сақтап қала алмағаны үшін кешірім сұраудан бастауы керек еді. Қайғыға душар болғандарға дәл қазір құрғақ есептен гөрі адамдық көңіл көбірек қажет. Мұнымен қатар министрдің жұқпалы дерттен өмірден озғандарды тілге тиек етуі де көпшіліктің шамына тиді. Баяндамасын тыңдай отырып, адамның өлімі қайғы емес, жай ғана статистика секілді. Ауырғандар мен қайтыс болғандардың санын өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырып, 12 адам өлімін қалыпты жағдайға теңеу арқылы министр мен оның баяндамасын әзірлеген мамандар сөздің салмағы мен халықтың жанын түсінбейтіндігін дәлелдеді.

Е.Біртановтың есебінен мәселені шешуден гөрі министрліктің саясатын ақтауға деген ниет көбірек байқалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сүйенген министр мырза менингитке қарсы вакцинаны міндетті екпелер күнтізбесіне кіргізбеуді өз сөзімен негіздеп бере алмады. Халық оның сөздерін карантин жариялау үшін 12 адамның өлімі аз, менингиттен одан да адам көп қайтыс болсын, содан соң шешімімізді қайта қараймыз деп айтқандай қабылдады. Құдды бір халықпен саудаласқандай әсер қалдырды.

Дегенмен министр Е.Біртановтың кеш болса да, баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің көптеген ыңғайсыз сұрақ­тарына қысылмай жауап беруіне оң баға беруге болады. Лауазым иесі осыған дейін сақтандыру ісі даулы мәселеге айналған кезде де халық арасындағы ең белсенді сыншысы Рақым Ошақбаевпен пікірсайысқа түсуге келісіп, теледидардан сақтандыруға қатысты барлық қарсы дәйектерге жауап бергені ел есінде. Осылайша ол халық алдындағы жауапкершіліктен қаш­пайтындығын көрсетті. Ал кешегі мәс­лихаттағы коммуни­кация қателіктері министрге тек дәрігер болудан дәрігерлердің жұмысы мен халықтың денсаулығына жауапты мемлекеттік қайраткер болуды үйрену қажеттігін көрсетсе керек.

Дархан ӨМІРБЕК,
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

19.03.2019

Алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету - Елбасы

19.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанымызды сақтай біліңіздер - Елбасы

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат

19.03.2019

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттік өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттің өкілеттігін атқару Қ.Тоқаевқа жүктеледі

19.03.2019

Алматыда әлеуметтік көмек мөлшері артады

19.03.2019

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

19.03.2019

Джиу-джитсу Азиада бағдарламасына енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу