Жалған құжаттың салдары

Қоғамдық тамақтандыру орындарынан, көшедегі дүңгіршектерден тамақ­танғандардың ұшынуы, улануы жиі кездесіп жатады. Оны қойып тіпті балабақша, мектеп асханасында да астан ұшыну оқиғалары болғанын жиі естиміз.

Егемен Қазақстан
07.06.2018 1458

Бұған қоса дәрігерге қаралдым, емделдім деген адамның ауруы асқынып, қиын жағдайларға тап болып жататыны да жасырын емес. Осының барлығының басты себебі неде? Біздің ойымызша, осының барлығы қоғамдағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер кесірінен туындап отырған мәселе.

Әрине басы ауырып, балтыры сыздаған адам білікті дәрігерді, озық білім іздеген адам тәжірибелі мамандарды іздейді. Сол сияқты асхана, дәмхана, шаштараз, банк, сауда орталығы мен мәдениет орындарына барғанда адам өзіне лайықты қызмет көрсетілуін күтеді. Алайда бұл талаптар, жоғарыда айтқанымыздай, кейде көңілден шыға бермейді.

Иә, көпшілік дәрігердің, құқық қорғау органдарының және басқа да толып жатқан салалық қызмет көрсетушілердің қызметіне айтарлықтай риза болмай жатады. Көбінің көңілі толмайды. Сонда мәселен, кейбір дәрігердің немесе аспаздың жұмысына деген мұндай сенімсіздік көпшіліктің көңілінде қалай, қайдан пайда болды?

Әрине қай кезде де талапқа сай қызмет көрсетілмесе көңілде секем туады. Және бұл бір күнде пайда бола қалған сенімсіздік емес. Қоғамдық орындарда, асханаларда тамақтанғанда адам алдымен санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптарының, тазалықтың аса қатаң сақталғанын қалайды. Өйткені «Ас – адамның арқауы». Ал керісінше болған жағдайда ең басты байлық – денсаулыққа зиян келеді. Сол секілді дәрігер деп барған адам біліксіз маман болса, ауру үстіне ауру жамалады.

Өйткені оның біліп, не білмей қызмет етіп тұрғанын ажырату, әрине мүмкін емес. Осының салдарынан кейбір асханада сапасыз тамақ ішіп, кейбір емханаларда нашар дәрігерлік ем алуыңыз әбден мүмкін. Себебі жалған құжатпен түрлі жұмысқа кәнігі маман секілді орналасатын немесе денсаулығы таза, яғни жұқтырғыш ауруы жоқ сау кәсіп иесі ретінде жұмыс істейтін немесе өз ісін жетік білетін маман сияқты қызмет көрсететіндер бар екен. Мұны тек біз емес, осы мәселені арнайы зерделеп, зерттеген, тексерген тиісті құқық қорғау өкілдері де айтады. Ал сонда сіз бен біздің асханадан жеген асымыз, дәрігерден алған еміміз, оқушылардың мектепте алып жатқан білімі талап деңгейіне келмесе, кім кінәлі? Жоғарыда айтқанымыздай, хирургке, неврологке, яки полицияға барғанмен ем қонбай, ауру асқынса, жазықсызды жазықты етсе, оларға не дей аласыз?

Мұның басты себебі – әлгіндей маман­дардың жұмысқа сыбайластықпен тұруы. Мәселен, мектепке мұғалім болып орна­ласқанда ол нақты шын құжатты ұсын­ды ма? Немесе аспаздық жұмысқа орналасарда денсаулық жағдайы туралы барлық ақпаратты көрсетті ме? Белгісіз. Мұны айтып отырғанымыз, қазіргі күндері медициналық анықтаманы, денсаулық кітапшасын немесе науқастық туралы демалыс парағын қолдан сатып алуға толық мүмкіндік бар көрінеді. Тіпті, аталған құжаттардың сатылатындығы жөнінде Интернет желілерінде ашық жарияланғанын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі де жасырмайды. Міне, осы департамент жоғарыда айтылған жалған медициналық құжаттарды заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып дайындайтын қылмыстық топты әшкерелеген.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2017 жылы Астана қаласының 11 емханасы №086 нысан бойынша 29 099 жалған анықтама берген екен. Бұл күніне шамамен 79 анықтама берілді деген сөз. Әр анықтама қағазы 7 мың теңге тұрады. Осының ішінде орта есеппен күніне 10-ға жуық, яғни жылына 3 650 жалған анықтама берілетіні анықталған. Демек, Астана қала­сының емханалары жылына 25 550 000 теңгеден астам соманы да жоғалтып отыр­ған. Бұл тек бір ғана №086 нысандық анық­тама бойынша.

Ендеше осы сандарға-ақ қарай отырып, жалған анықтамалар алған қанша адам халыққа қызмет көрсетіп жатқанын шамалай беріңіз. Бұған баса мән беріп отырғанымыз, аталған жағдай әлеуметтік маңызды сала­лар­дағы, яғни білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру орындарында аза­маттарға қауіпсіз қызмет көрсетілуін қам­та­масыз етуге кері әсерін тигізеді. Демек, мұндай жалған құжат беру үрдісіне тосқауыл қоятын уақыт жетті. Әйтпесе, базардағы азық-түлік сатушылардың, даяшылардың, шаштараздың денсаулықтарының қандай күйде екені маңдайларында жазылып тұрмайды. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің дейді, бірақ ауырмай оны сақтағанға не жетсін!

Александр ТАСБОЛАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу