Саясат • 07 Маусым, 2018

Президент кубогы тамызда өтеді

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-12  тамыз аралығында Астанада шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді.

Президент кубогы тамызда өтеді

Биылғы жарыста Астананың «Барысынан» бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасы, Хабаровскінің «Амур» және Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубтары күш сынасады. Естеріңізге сала кетейік, айтулы дода 2010 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Сол аралықта «Барыс» төрт мәрте топ жарса, СКА (Санкт-Петербург), «Авангард» (Омбы), «Металлург» (Новокузнецк) және «Нефтехимик» (Нижнекамск) бір-бір реттен жеңімпаз атанды.

Астанадағы турнир аяқталғаннан кейін елордалық хоккейшілер Уфаға аттанып, 25-28 тамыз аралығында жалауы желбірейтін Башқұртстан кубогында бақ сынайды. Осы бәсекелердің барлығы 1-қыркүйекте басталатын Құрлықтық хоккей лигасына (ҚХЛ) даярлық ретінде қарастырылуда.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ