Аймақтар • 07 Маусым, 2018

Екібастұзда «Дабыл - 2018» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығулары өтуде

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 7 маусым  күні  Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев облысқа жұмыс сапарымен келді.  

Екібастұзда «Дабыл - 2018» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығулары өтуде

Нұрлан Ермекбаев облыс әкімі Болат Бақауов бастаған өңірлік жедел штабтың жұмысына қатысып, Екібастұзда өткен оқу-жаттығу шараларының өтуіне бақылау жүргізді. Жеке оқу-жаттығу тапсырмаларының іске асырылуын қадағалады. Қосымша міндеттерді енгізу туралы тапсырма берді. 

Оқу-жаттығу шараларының қорытындысы бойынша Өңірлік жедел штабтың басшылығының жаттығуларына оң баға берілді. Бұл жаттығулар кешенді күштердің бірлескен іс-әрекеттерінің үйлесімдігі мен жаттыққандығы, басқару және өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру деңгейін тексеру мақсатында өткізілуде. Басты ерекшелігі-мемлекеттік әуе  авиациясын қатыстыру арқылы еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта өткізілді.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген Валерий Бугаев