Аймақтар • 08 Маусым, 2018

Дархан Кәлетаев Ақтөбеде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысына қатысты

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты.

Дархан Кәлетаев Ақтөбеде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысына қатысты

Отырысқа өңірде тіркелген діни бірлестіктердің жетекшілері, жергілікті мемлекеттік орган басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Дархан Кәлетаев дінбасылар алдында сөз сөйлеп, мемлекеттің дін саласындағы бастамалары мен заңнамалық өзгерістер туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, мемлекеттің діни бостандығын қамтамасыз ету саласындағы құқықтық базасы әлемдік демократиялық стандарттарға толықтай сәйкес келеді. Мұны осы бағытта зерттеу, тексеру жүргізетін халықаралық, құқықтық ұйымдар да, сарапшылар да растайды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі заң жобасының нормалары дінді деструктивті мақсаттарға қолдану жағдайларын барынша азайтуға ғана емес, сондай-ақ елде заңды әрекет ететін діни бірлестіктердің қызметін жеңілдету және дінге сенушілердің құқықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 91 діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның ішінде 67 бірлестік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы саналады. Сонымен қатар, 8 православилік, 2 католиктік, 13 протестанттық, 1 «Кришна санасы қоғамы» діни ұйымдары бар.