Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Циндаоға барды

Ертең Қытайдың Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының XVIII саммиті өтеді. Жиынға Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан және Пәкістан елдерінің көшбасшылары қатысады.

Егемен Қазақстан
09.06.2018 1416

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Циндао қаласына барды. Елбасы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының XVIII саммитіне қатысады. Жиын ертең Сары теңіздің жағалауында өтеді. Оған Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Өзбекстан және Үндістан елдерінің көшбасшылары қатысады. Иран болса ұйымның толыққанды мүшесі болуға ниетті.

Циндаодағы жиын – Шанхай Ынтымақтастық ұйымының «Үлкен Еуразиялық сегіздік» форматындағы бірінші саммиті. Былтыр Үндістан, Пәкістан секілді елдердің Астана саммитінде ұйымға мүшелікке өтуі сегіздіктің салмағын арттыра түсті. Құрылым кеңею арқылы геосаяси ықпалын күшейте түспек әрі алып нарық. Шанхай кеңесінде терроризмге қарсы күрес, шекара қауіпсіздігі, есірткі айналымын тежеу, сепаратизм мен экстремизм қаупінің алдын алу секілді күрделі мәселелер талқыға түспек. Бұлар бір елге ғана тән емес, тұтас мемлекеттердегі халықаралық деңгейде ушыққан мәселелер. Кеселден құтылудың жалғыз жолы – бірлесіп күресу. Саммит нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, Циндао декларациясы қабылданады деп күтілуде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

14.08.2018

Бес елдің мөрімен бекітілген құжат

14.08.2018

Курчатовта төрт жолақты бассейн салынады

14.08.2018

Инженерия үздіктері анықталды

14.08.2018

Ақтау саммиті әлем назарында

14.08.2018

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ауысуы мүмкін

14.08.2018

Зейнетақымен қамсыздандыру заманға икемді ме?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу