Президент • 09 Маусым, 2018

Қазақстан Президенті ҚХР-дың Циндао қаласына жұмыс сапарымен келді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Циндао қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Қазақстан Президенті ҚХР-дың Циндао қаласына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының XVIII саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасының Циндао қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Қазақстан Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысуы, бірлескен құжаттарға қол қоюы, сондай-ақ бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.