Бекзат өнер ордасы - «Астана Балет»

«Астана Балет» театры 2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған болатын. Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореография училищесінің үздік түлектерінен құралған ұжымның өнері жұртшылықты классикалық үлгідегі, сондай-ақ халықтық дәстүрлер мен заманауи стильдегі билерді үйлесімді біріктіруімен ерекшеленеді. 2016 жылы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорданың мәдени өмірі тағы бір сәулет өнерінің үздік туындысы «Астана Балет» театры ғимаратымен толыққан еді. Қазақ ұлттық хореография академиясының бі­регей кешеніне енген жаңа үлгідегі бұл театр әлемдік үздік шығармалардың орындалуына сай келеді және балет, опера, драма сияқты кез келген жанрдағы өнерді толыққанды көрсете алатын сапасымен қымбат саналады.

Егемен Қазақстан
11.06.2018 2389
2

Жаңа ғимараттың ашылуын қазақ­стан­дықтар қуана қабылдап, Ұлы Дала­ның мәңгілік мәдениетінің дамып-өр­кен­­деуіне, Астана имиджінің оңынан қалып­­тасуына, адамзат баласына ортақ жаһан­­дық озық үлгілердің насихатталуына, отандық өнер туындылары мен жергі­лікті жұлдыздардың әлемге танылуына ашылған зор мүмкіндік ретінде бағалады.

Мұны келешекте Орталық Азия және Еуразия кеңістігіндегі хореографиялық өнердің дамуына барынша серпін бере­тін, Хореография академиясының өркен­деуіне, сондай-ақ шығармашылық кадр­лар­ды даярлау ісіне жол ашатын мәдени құбылыс деп үміт артылды. Театр­ға бел­гілі тұлғалар тартылып, бүгін­де әлем­дік дең­гейдегі хореографтар ат ба­сын ті­рей­тін, мамандардың шебер­лік сынып­тары өткізілетін ірі мәде­ниет алаңына ай­на­­лып отыр. Жаңа театр ғи­ма­раты Қазақ­стан­дағы мәдениет нысан­дары­ның арасында техникалық тұрғыдан жоғары сапалы жабдықталған әрі әлемдік талап­тардың стандартына сай келеді. Мұнда сан түрлі мәдени шараларды, атап айтар болсақ, классикалық және эстрадалық шығармалардың барлық түрі орындалатын кештерді, заманауи сипаттағы шоу мен мюзикл стиліндегі туындыларды орындауға жан-жақты қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Жаңа ғимарат қай жағынан да заманауи стандартқа сәйкес келеді. Көрермен залы кең де жарық, оның ішінде партер – 609 орындық, балконның 2-ші қабаты – 104 орындық болса, 3-ші қабатында 70 орын бар. Дизайнерлердің ұсынған жобасы бойынша, алтын-қоңыр түсті шымылдық ілініп, орындықтар жауқазын түстес материалмен қапталған, ал едені қоңыр түсті. Сахнаның аумағы 536 м² құрайды. Театр жалпы 15 мың 467 шаршы метрді қамтиды. Мысалы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының үлкен залы 1250 орындық болса, «Астана Балетке» 800-ге таяу көрермен сыяды. Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. Оркестрлік орын 50-60 музыкантқа арналған. Жарық беру кешенінде соңғы инновациялық мүмкіндіктер қолданылып, 800-ге жуық жабдық орнатылған. 

Театрдың тағы бір ерекшелігі, залы, сахнасы, интерьері заманауи стильде. Ре­­жиссерлер мен сценографтар идеяларын мүлтіксіз жүзеге асыруға, күрделі спек­такльдер қоюға барынша қолайлы етіп ойластырылған. Көрермендердің уа­қытын тиімді өткізіп, тынығулары үшін кең­ фойе мен екі буфет қатар қызмет көр­­сетеді. 

Жаңа сахнаның тұсаукесерінде «Ас­тана Балет» театрының хореография­лық ұжы­мы жұртшылыққа белгілі хорео­граф Рикардо Амарантенің «Биге деген ма­хаббат» және «Diversity» балетінің пре­мьера­лық көрсетілімін ұсынған болатын. 

Бүгінде театрдың репертуарында клас­сика, модерн, неоклассика, «con-temporary» стилінде сахналанған бірталай балет, концерттік бағдарлама бар. «Астана Балет» театрының репертуарын кеңейтіп, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр және халықтық сипаттағы билерін жаңаша леппен байытуда қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі Шара Жиенқұлованың шәкірттері – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Алила Әлішева мен Айгүл Тәтидің сіңірген еңбектері өлшеу­сіз. Шығармашылық қор классика­лық туын­дыларға өте бай. Мұнда, сонымен қатар Г.Ковтун, А.Асылмұратова, Р.Амаранте, И.Чжан, Н.Дмитриевский, Н.Маркелов, А.Нұрмахамат­ұлы, А.Четин, Ю.Федоров, К.Муминов, П. Г.Эмерсон, А.Дамаск сынды хорео­графтардың бірегей туындылары қайталанбас рухта орындалады. Сахнада ше­берлік сыныптарын өткізген бірқатарының «Хорезм», «Ферғана», «Эвендер», «Якутия», «Сарасвати құдайы», «Ганга» туын­дылары «Шығыс рапсодиясы» бағдарламасына енген. 

Ұжымның Бейжің, Париж, Вена, Мәскеу, Санкт-Петербург, Сеул, Будапешт, Нью-Йорк, Токио, Брюс­сель, Варшава қалаларына гаст­роль­дік сапарлары туралы әлемдік дең­гей­дегі көптеген танымал сарапшы­лар пікірлер жазды. Ресейдің халық әртісі, белгілі хореограф Борис Эйфман Санкт-Петербургтің тарихи Мария театры сахнасында жоғары деңгейде өнер көрсеткен жаңа стильдегі жас театр үшін аз уақытта халықтың осыншама ыстық ықыласы­на бөлену айтарлықтай жетістік екенін тілге тиек етіп, тілектестігін білдірсе, А.Ваганова атындағы академияның профессоры, сыншы Ольга Розанова: «Мен «Кармен» спектаклін сүйсіне тамашаладым. Маған мұндағы режиссерлік ізденіс, тапқырлық ұнады. Мукарам Авахридің жеңісі өте жоғары бағаға лайық. Ал Николай Маркеловтің «Клеопатра» қойылымы бұрынғы сарындарға мүлде ұқсамайды, өзгеше өрнекте сипатталады», деп өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Балет сыншысы Джессика Тиг «Dance Europe» журналында жарияланған мақаласында жас ұжымның Шығыс пен Батыстың билерін шебер үйлестіре алу жағына ден қойып, жоғары бағалады. Аңыз, әпсаналар негізінде туған «Жусан» спектаклі жайында да кеңінен толғап, жарыса пікір жазғандар аз болмады. Ұлттық қойылымдарға келсек, Абай поэзиясына арналған «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» балетінің жөн-жобасы бөлек. Қойылым «Нұрға бөлену», «Сегіз аяқ», «Жыл мезгілдері», «Көзімнің қарасы», «Тойбастар», «Татьянаның хаты», «Ақын арызы», «Желсiз түнде…» тәрізді бірнеше бөліктен тұрады. Шетел­дік классикалық шығармаларды шебер орындай отырып, ұлтымыздың мақтанышы – Абай өнегесін, басқа да төл туындыларымызды төрткүл әлемге өз деңгейінде насихаттау маңызды іс десек, бұл ретте театрдың отандық құндылықты дәріптеудегі жоғары жауапкершілігін айрықша атап өткен лазым. Осы аралықта классика, модерн, неоклассика үлгісінде бір актілі 15 балет және 70-ке жуық хореографиялық миниатюра қойылыпты. Аз ба, көп пе? Мәселе санда емес шығар, бірақ жас театр көрермендерінің жыл санап көбейіп отырғаны балет өнеріне деген көпшілік сұранысының арта түскендігін білдіреді. Мысалы, 2014 жылы 15640 көрермен болса, 2015 жылы –20563, 2016 жылы –26634, ал 2017 жылы келушілердің саны 63586 адамға артқан. Былтыр отандық және шетелдік шығармашылық ұжымдары қатысуымен өткен 50-ден аса іс-шараны, 5 премьера мен театрдың үш есеп беру концертін қала тұрғындары мен қонақтары келіп тамашалаған. Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі тұсындағы Кореяның, Словакия мен Польшаның мәдениет күндері, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, Жамбыл атын­дағы қазақ мемлекеттік филармония­сы мен республикалық неміс драма театры сынды көптеген танымал өнер ұжым­дарының 30-дан астам гастрольдік сапар­лары, дүние жүзінің белгілі би компания­лары мен таны­мал хорео­графтардың қа­ты­суы­мен өткен І Халықаралық Еура­зия би фестивалі («Eurasian Dance Festival») айшықты сәт­терге толы. 

Елор­даның 20 жылдық мерейтойына орай Ал­маты қаласында өт­кен гастрольдік сапар труппаның орындаушылық деңгейін, еліміздің хореография өнерінің заманауи және ұлттық тың үлгілермен то­лы­ға түскенін паш еткен үлкен жетіс­тігі саналады. Мұнда көрерменге ал­ғаш­қы күні неоклассика маржаны – Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен Мукарам Авахридің «Жусан» спектаклі ұсынылды. Қос қойылым ғажайып стилі мен хореографиясымен ерекшеленеді. 

Айта кетерлігі, «Серенада» спек­таклі «Астана Балет» театрының сахнасын­да алғаш рет Джордж Баланчин қоры­ның қолдауымен дүниеге келіп, хорео­графтың өзіне тән мәнері мен тех­ни­касы көрермен сүйіспеншілігін иеленді.

«Дж.Баланчин қорымен бірге ат­қарылған ұзақ мерзімді жұмыстың нәти­жесінде бізге ол XX ғасырдың әйгілі заманауи жауһарын өз театрымызда, және де ел аумағындағы гастрольдік сапар­ларда қою құқын берді. Біз Қормен жұмыс істеуге алғашқы күннен бастап мүд­делі болдық. Сондықтан бұл спектакль театр өміріндегі елеулі қадам болып саналады», – деді театр директоры Валерий Күзембаев журналистерге берген сұхбатында. 

Баланчин қойылымына сахна мини­ма­лизмі, яғни қарапайым костюмдер мен жеңіл декорациялар, музыка мен бидің үндестігі тән болып келсе, заманауи балетмейстер Мукарам Авахри тереңдік пен түрлі музыкалық шығарманы үйлестіре қатар өрудің асқан шебері. Мысалы, оның «Жусан» атты бір актілі балетінде халқымыз бен даламыздың тарихы хореография тілімен бейнеленеді. Терең мазмұнға ие, ерекше стильдегі спектакльде Қуат Шілдебаевтың, Сергей Рахманиновтың, Арво Пярттың, Карл Дженкинстің музыкасы шырқалады. Бірақ айналып келгенде, бәрібір жергілікті композитор Қуат Шілдебаевтың әуендері спектакльдің басты қазығы болып қала береді. Сарапшылар мұнда Мукарам Авахридің музыкалық тақырыптары мен қойылым драматургиясының өзара дәл әрі шынайы үйлесім таба білгенін алға тартады. Балет дала тынысын айқын бедерлеуімен, Отанға деген перзенттік сүйіспеншілік сезімімен баурайды. 

Ал музыка ырғағына құрылған Уильям Форсайттың «Ортада, сәл жоғары» («In the Middle, Somewhat Elevated») атты спектаклі декорациясыз, ерекше балет техникасы арқылы орындалады. Өзінің спектакльді қою шеберлігі мен әдіс-тәсілі туралы: «Хореография дегеніміз – тіл. Ол әліппеге ұқсас, сондықтан, өзіңізге таныс сөздердің барлық әрпін дауыстап айтудың қажеті жоқ... Сіздің осы тілде не айтқаныңыз емес, қалай айтқаныңыз әлдеқайда маңызды», деп ой түйеді маман. Бірақ театр саласының мамандары У.Форсайт спектаклі труппаны түбегейлі өзгертіп жібергенін, әртістер қозға­лысы­ның қарқыны еселеніп, денелерін өте еркін ұстауды меңгергенін айтады.

Екінші бөлімде көрерменге ұсынылған Мукарам Авахридің «Саломея» спек­такліне хореографиялық тұрғыдан алған­да, шығыстық графикалық пластика мәнері тән. Орындау техникасы бойынша ол балет әртістерін пуантымен де, жалаң аяқ та билетеді. Түрік композиторы Фазыл Сайдың скрипка концертін музыкаға пайдаланады. Хореография авторы: «Мен үшін адами сезім үлкен рөл атқарады. Мұнда ішкі қуаттан туған эстетикалық би шығарғым келді. Сол себепті музыка, қимыл, эмоцияның тұтастығымен қоса, әртістермен ойымыздың бір жерден шығуы маңызды еді. Сол мақсатым орындалды. Қуаныштымын», деп ризашылық сезімін жеткізді. 

Гастрольдік сапардың соңында «Ас­тана Балет» театрының алуан түрлі бағ­дарламасы тарту етілді: «Астана Балет Гала» концерттік бағдарламасы, хорео­граф Рикардо Амарантенің «A fuego lento», «Love Fear Loss» бір актілі балеттері сезім сырын шертіп, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Амарантенің қойылымы өмір­дің мәні тек қана махаббатта деген ой түйдіртеді. Лало Шифрин, Астор Пьяц­цолла, Карлос Гардельдің музыкасын пайдаланады... Жұртшылыққа мұнан басқа тағы «Астана Балет Гала» бағдарламасы бойынша хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділері, сонымен қатар Айгүл Тәтидің ұлттық хореографияның жауһарына айналған бірқатар таңдаулы туындылары ұсынылды. 

Айта кететін және бір жайт, театр ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркияда, Белоруссияның Минск қаласында өткен айтулы балет фестивальдарында жоғары деңгейде өнер көрсетіп келді. «Астана Балет» театры­ның биыл қаңтар айында Амери­каның Нью-Йорк қаласында өткен «Қазақ­стан Астана Балет Гала» жобасы елорданың 20 жылдығына арнаған тағы бір тамаша тартуына жатады. Астана тойына мерекелік шашу мұ­нан кейін де айтулы шаралармен жал­­ға­сын таба бермек. Соның бірі – 24-30 маусым аралығында өтетін ІІ Халықаралық «Еуразия би фестивалі» («Eurasian Dance Festival»). Бұл фестиваль балет әлеміндегі маңызды шараның біріне айналуда. Халықаралық жоба Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорданың 20 жылдығы аясында және «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізілмек. Бұған әлемнің әр шалғайынан көптеген балет труппалары мен танымал хореографтар қатысады деп күтілуде.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу