Өнер • 11 Маусым, 2018

Көз тартқан көрікті мекен

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнер әлеміне қадам басқандардың әрқайсысы сұлулықты өзінше өрнектейді. Ақын поэзия тілінде жырласа, жазушы шұрайлы тілмен бейне­лейді. Қылқалам шебері түрлі бояумен сұлулықты картина бетіне «сөйлетеді». Ал фо­тошебер әде­мілікті табиғи, боямасыз қалпында түсіреді. Сұлулыққа құштарлық Андрей Мартыновтың объектив арқылы бейнелеуге  әуес болуына түрткі болды. Оның алуан түрлі ракурс­та түсірген тамаша туындылары осының айғағы.

Көз тартқан көрікті мекен

Фотоөнердің қыр-сырын терең меңгерген Андрей Мартыновтың бүгінде аты әлемде озып, ол халықаралық деңгейдегі фотокөрмелердің басы-қасында болады. Бірінде өзі Италияда өткен Спилимберго фотоконкурсына қатысса, ал енді бірде Ресейдегі Италия фотографияларының қоз­ғал­малы шоуының, Новосібірдегі Суретшілер му­зейінде өткен «Техастан хабарлама» атты Аме­­рика суретшілері көрмесінің үйлестірушісі бо­лып жүргені. Төрткүл дүниенің қай түкпірінде фото­­­өнерге қатысты алқалы жиын немесе көрме өткі­зілетін болса, ресейлік шебер сол жерден табылады.

Асай-мүсейін арқалап Андрей Мартынов қазақ жеріне де ат шалдырды. Қазақ елінің көрікті тұстары фотошебердің объектив нысанасына ілінді. Қараңыз да бағалаңыз, көзі алғыр оқырман!

Андрей Мартынов,

Ресей, Мәскеу