1 шілдеде Астанада Ұлттық домбыра күні атап өтіледі

Қылыштан өткір, құрыштан берік Домбыра!..

Егемен Қазақстан
12.06.2018 1769
2

Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра!

Қара өлеңнің қадірін арт­тырған Қадыр ақынның осы өлеңін­де тұтас дәуір келбеті, тұң­ғиық тарих, тым биік талғам бар. Әсілі, Мәңгілік елдің асыл мұратын арқалаған Алаш тарихын домбырасыз елес­тету әсте мүмкін емес. Көне мұра­ғат­тар­дың ізіне көз жүгіртер бол­сақ, қазақ халқы жайлы ай­тыл­­­ған әр аңыз-әпсана осы дом­быра­ға қатысты болып шыға­ды. Алтай­дан Анадолыға дейінгі алып империяға бас болған ұлы түркі ха­лықтарының кез келген тарихы домбыраның пернесін­де, заманалардың зердесінде күй болып күңіренеді. Оның ішінде Ұлы Даланың төсін ұрпақтан ұрпаққа бұлжытпай аманаттап келе жатқан қазақ халқы бұл аспаптың ақы иесі екені белгілі. Бүгінде қазақтың жаны қара домбырада екенін біз айтпасақ та бүкіл әлем мойындап отыр.

Домбыра нағыз қазақ екеніне еш күмән тумасы анық. Себебі жердің шетіне жау, елдің ішіне дау кіргенде домбыра қазақпен бірге қан кешіп, майдан даласында ерлікті ұрыстар жүргізді. Шаршы топта бәтуалы бидің сөзін де домбыра айта алды. Сол домбыра алғадай шепте Қаз­туғандай батырлармен, Ақтам­бердідей ақындармен күрескен жауды найзаға мінгізді, айлаға кіргізді. Ұрыс алдындағы түмен-түмен қазақ қолының асқақ рухын жорық күйлерімен бірінші оятқан да осы қу тақтай.

Бүгінгі қазақ баласы домбы­раның үнінде сөйлеп, тілінде хат алмасуы керек. Ол – озық дәстүр. Бағзыдан бергі қазақ тарихына мойын бұрсақ та осы домбыра Жошы ханның өлімін естіртіп, Бату ханның жорығын бастап шыққанына ескі әңгімелерден қанықпыз.

Домбыра – қылыштан өткір, құ­рыш­тан берік арналы аспап. Ол батыр аналарымыздың да ру­хын жанып, айбарын асырып кел­ді. Шаттықты күндердің де шұ­ғы­­лалы сәулесі шанақтан шар­та­рап­қа ән болып төгілді. Қанқұйлы не­бір қасіретті замандар қазақпен қоса домбыраны да дарға асып, қобызды итжеккенге айдатты.

Сал-сері, күйші-күрескерлермен қоса домбыра атылды, мұңлы, қасіретті әндер сотталды. Мына бір штрих осы айтылған тақсіретті тарихтың кескін-келбетін бұлтартпай баян­дайды:

Арқада шертпе күйдің шешені Аққыз Ахметқызы деген өнер­­паз өткен. Дәулетті тұқым­ның өнерлі перзенті қилы заманда тағдыр кешіп, қатал цензура күйшіге домбыра тартуға тыйым салған. Шері ішіне түсіп кеткен Аққыз әже сол кезде қолына қап алып, үйдегілерге «тезек теріп келейін» деп аулаққа кетіп қалады екен. Ондағы гәп, тезек теруге арналған ала қаптың ішіне жасырып домбырасын салып, екі-үш қыр асып, күйді төгілдірту. Жарасын күймен емдеп, наласын салқар сақараға төгу... Шиыр-шиыр шерді, қиыр-қиыр қайғыны жеңілдету үшін сонда өмірі қолына тезек ұста­мақ түгіл, саусағына қап іліп көрмеген ақсүйек Аққызға домбыра серік болған...

Қазаққа домбырадан шешен, домбырадан көсем дос жоқ. Бү­гін­гі тілмен айтсақ, қазақ­тың бірегей бренді – домбыра. Айшықты белгі. Анық болмыс.

Тәубе!

Домбыра дәуірі қайта жаңғы­рып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткендей, тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақ­тас­тыратын ұлт жадының тұғыр­намасы да осы төл аспабымызды төрге шығарумен тікелей байланысты болмақ.

Президентіміз жоғарыда айт­қан келешекке керек кешенді жұмыстар бүгінде кезең-кезеңі­мен атқарылып та келеді.

Айталық, алдағы 1 шілде күні, сағат 11.30-12.30-да еліміздің бас­ты алаңы «Қазақ елі» мону­менті­нің алдында, домбыра думаны басталмақ. «Ұлттық дом­быра күні» мейрамы деген ат беріліп, айдар тағылған ала­ман жобада дәулес­кер күші Секен Тұрысбек, ақтаң­гер әнші Бекболат Тілеухан бас­та­ған, Мейрамбек Бесбаев, Асыл­бек Еңсепов, Айгүл Үлкен­баева, Болат Мажағұлов сынды өнер майталмандарымен бір­ге қазақ даласы домбыра үні­не бөлен­бек. Сондай-ақ, алаң­да этно­ауыл ұйымдастыры­лып, дом­­быра мұражайы мен қазақ хал­­қының басқа да ұлт­тық ас­пап­­тары көрсетілетін бола­ды. Он­да музыкалық аспаптар­дың жа­салу тәсілін көрсететін қолөнер­шілерге арналып киіз үй тігіледі.

Міне, нағыз Рухани жаңғыру!

Тура сол күні кеудемізді кернеген Алаш мұраты домбыра пернесінен пырақ боп көтеріліп, шырақ боп қазақ аспанында жарқырамақ!

Түрегел, Тұран!

Төрлет, Домбыра!

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу