Аймақтар • 12 Маусым, 2018

Ақмола электронды карталарды енгізу бойынша елімізде төртінші орынға шықты

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда жаңа технологиялардың ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылуы бұрын мақсатсыз пайдаланылып келген немесе игерілмей жатқан жерлерді бақылауға жол ашты. Ақмола облысы да бұл үдерістен тыс қалмай, электронды карталарды енгізу қарқыны бойынша елімізде төртінші орынға шықты.

Ақмола электронды карталарды енгізу бойынша елімізде төртінші орынға шықты

Әрине экономика құрылымын­да ауыл шаруашы­лығының өзіндік орны ерекше. Ең маңызды екі мін­детті: азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және өндірісті әр­тарап­тандыру мәселелерін шешу үлкен маңызға ие. Осы тұрғыдан кел­генде өңірде электронды карта­лар­­ды ен­гізу уақыт талабына ай­­налып отыр. Жақ­сы ауданы ауыл­­­шаруа­шылық бөлі­мінің бас маманы Еркежан Төле­ген­нің мәлі­метіне қарағанда, аудан облыс бойын­ша электронды карталарды ен­гі­зуде 2-орында тұр. Бүгінгі таң­да қамтылған көлем 520 мың гек­тар жерді құраған. Реті келген­де ағымдағы жылдың ақпан айы­нда ен­­гізілген база агрономдық жұ­мыс­тар­­ды бақылап, қадағалауға мүм­кін­­дік бергендігін атап кеткен жөн. Мы­салы, Minagro.kz сайтында әрбір тір­келген шаруа қожалықтары жеке ка­бинет­тері арқылы еркін кіре ала­­тын­­дай жағдай жасалған. Аталған пор­­­тал егіс­тіктің карталарын көруге, аума­­ғы мен сурет­терін қарауға, облыс бо­­­йынша статис­ти­ка­лық көрсеткіш­тер­ді са­лыс­­т­ыру­ға және өзге де қ­а­жет­ті ақ­­п­арат­тарды табуға өте ыңғайлы.

Жалпы, Жақсы ауданына жаса­ған баспасөз туры барысында бір­неше шаруа қожалығын аралап, жұмыстарымен жақын танысудың сәті түсті. Осындағы Новокиевка ауыл­дық округінде болған кезімізде егіс ал­қ­ап­тарының көктемгі егіс жұ­мыс­т­арының дайындығына көз жет­кіздік. Бүгінгі таңда ауылдық округ­тің ауыл­шаруашылық алқабы 36 128 гек­т­арды құраса, соның 27 234 гектары егістік жерлер болып табылады. Міне, осы алқапты игеруде, әсіресе өсімдік шаруашылығын дөңгелетіп жүрген бірнеше ауыл­шаруа­шылық кәсіпорындары да жұмыс істеуде. Бұл кәсіпорындар ауылдық округтің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Атап көр­сет­кендей, бірнеше шаруа қожалы­ғының басын біріктірген «Gold Drine» ЖШС бірлесіп ұтымды әре­кет ету қажеттігі жөнінде өзіндік жұмыс өрнегін көрсетіп келеді. Соның ішінде Григорий Дычок басқаратын «Луч» қожалығы да бар. Серіктестік арпа, бидай, зығыр егумен айналысады. Түскен табыстан шаруашылық басшылары өз қызметкерлеріне барынша жағдай жасап, көмектесіп отырады. Бұрын кеңшар директоры болған, комсомол бригадасын да басқарған Сергей Борисенко ауылдық меценаттардың ең белсендісі екен. Ол осындағы арпа-бидай өсірумен айналысып келе жатқан «Мечта» шаруа қожалығын басқарады. Оннан астам адамға жұмыс тауып беріп отырған азамат мектептің құрылыс жұмыстарына көмектесіп, оқушыларға шаңғы сыйлапты. Мерекелік іс-шараларға да үнемі демеушілік жасап келеді.

Өңірдің ты­ныс-тір­шілігімен арнайы танысу үшін келген БАҚ өкіл­деріне берген жауа­­бында Ново­киевка селолық округі­нің әкімі Болат Садықов былай деді: «Бізд­егі қожалықтар ел­мен бірге алға ұмт­ы­лып, дамып келеді. Соңғы уақыт­тар­да ескі техника­лармен жұмыс істеу қиындады. Сон­дықтан қазір бәрі лизингке немесе мем­лекеттік бағдарламалар арқылы қажетті техникаларын жаңартуда».

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы