Қазақстан • 13 Маусым, 2018

ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА-ның ХХVІ сессиясының тапсырмаларын орындау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.   

ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Оған ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Леонид Проко­пенко, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және кон­фессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, ҚХА ҒСК төрағасы Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директоры, ҚХА ҒСК мүшесі Зарема Шәукенова және басқалар қатысты.

Кеңейтілген отырыс барысында Леонид Проко­пенко ҚХА-ның ХХVІ сессия­сы­ның қорытындылары мен Елбасы тапсырмасын іс­ке асыруды ғылыми-сарап­та­малық қамтамасыз ету мін­дет­те­мелері туралы айтып өтті. «Елбасы қоғам­да қалып­тас­қан бейбітші­лік пен ке­лі­сім­нің қазақстандық үлгі­сін ұлт­тық өркендеу мен әлеу­меттік мем­лекеттің прагма­тика­лық үлгісімен қуаттай түсу­де. Іс жүзінде бұл өзара байла­ныс­­тар­дың негізінде этностық және әлеу­меттік құрамдардың біртұтас бір­лігі қалыптасады. Осы орай­­да Ассамблеяның алдына қой­ған мақ­саттарының кеңеюі заңды», деді ол. 

ҚХА Төрағасы орынба­сары­ның айтуынша, Елба­сының тапсырмасымен «ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына» бір­қатар өзгерістер мен толықтыру­лар енгізілмек. Түзетулер жаң­ғыру, әлеуметтік саясат және «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­­ламаларындағы басым ба­ғыттарға сәйкестен­діріл­мек. Биыл ҚХА осы жұмыстармен айналысатын болады. Оған қоса ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы түрлі этностардың жастарын жаңғыру бастамасы аясында біріктіріп, олардың өзекті стартаптарын қолдауды жүзеге асырмақ. 

Л.Прокопенко ҚХА-ның XXVI сессиясында ұсы­нылған ғылыми-таным­дық «Қазақтану» жобасына тоқ­талып өтті. «Жоба қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын бар­лық қазақстандық этностар арасында дәріптеуге арналған. Оған ерек­ше маңыз беріліп отыр, яғни онда бірыңғай құндылықтарды қалыптастыру ескерілген», деді ол. Сондықтан биылғы маусым айында Ақмола облысында аталған жоба ресми түрде іске қосылмақ. «Жобаға ғылыми мағына бермей, жүзеге асыру мүмкін емес. Сол мақсатта ҚХА кафедралары базасында оны іске асыру үшін тиісті алаңдарды құру керек», деді Леонид Прокопенко. Бұдан соң Президент Н.Назарбаевтың қоғамдық-саяси және әлеуметтік бас­тамаларын ғылы­ми-сараптамалық қолдау туралы та­қы­рыпта баян­дамалар жасалды.

Соңында ҚХА Ғылыми сарап­шылық кеңе­сінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»