Қазақстан • 13 Маусым, 2018

«Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форум өтті

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы туризм саласынан нәпақа іздеген жандардың назарын өзіне аударып жүрген жерұйық мекеннің бірі. Таяуда осы аудандағы Бектауата баурайында туристік-өлкетанушылар экспедициялық жасақтарының «Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форумы өтті. 

«Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форум өтті

Табиғаты тамаша өлкені үш күн дүбірге бөлеген думанды жарысқа 20 команда қатысып, 300-ден астам өрен бақ сынады. 

Биылғы сайыста жас­ ту­­­рис­­тер өздерінің ғы­­­­­лы­ми-зерттеу жобаларын қор­­ғап, қызық пен қиын­дық­­қа толы түрлі турис­тік мар­­шруттарды бағын­дыр­ды. Экс­­курсиялық бағ­дар­­лау сы­нағынан өтіп, бард ән­дерінен өткен өнер бай­­қауын­да бақ сынады. Сонымен қатар сая­хат­қа құштар өрен­дер форум қонақтарына театр­­ландырылған қойы­лым­дарды сахналап, өнерден де құралақан еместіктерін байқатты.

Форум соңында жеңім­паздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және кубок­тармен марапатталды. Жас туристер сайысына қа­тысқан командалардың әрқай­сысына 1 миллион тең­генің сертификаттары табыс етілді. Бұл қаражат оларға Intellektum зияткерлік ойынын сатып алу мүмкіндігін береді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Ақтоғай ауданы

Соңғы жаңалықтар