Қазақстан • 13 Маусым, 2018

«Ұлы Дала бояулары» ат­ты байқаудың жеңім­паз­дары анықталды

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстанның эко­­логиялық білім беру бағ­дарламасы аясында «Ұлы Дала бояулары» ат­ты Республикалық бала­лар және жасөспірімдер ара­­сын­дағы байқау жеңім­паз­дары анықталды. Жоба­ны Астана қаласының Бала­лар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Қа­зақ­стандағы «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды. 

 

«Ұлы Дала бояулары» ат­ты байқаудың жеңім­паз­дары анықталды

Республикалық балалар бай­қауына 300-ге жуық суретші жеткіншек қатысты. Олардың 50-і ғана үздік атанып, 8 бала жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлдені Д.Ставничая мен В.Каварентка иеленсе, жүлделі бі­рінші орынды О.Беспалова мен А.Паноморенко, екін­­ші орынды Д.Сейвухина мен Б.Бейсембекова иеленді. Ал үшін­­ші орын М.Қайратова мен А.Снел­хановаға бұйырды. 

«Біздің компаниямыз Қазақ­станға ширек ғасыр бұрын кел­ді және тәуелсіз мемлекет­ке қолдау көрсеткен, сенім білдір­ген бірінші ірі батыстық инвестор болды. Біздің ірі әлеу­мет­тік жобаларымыздың бірі жас ұрпақты экологиялық құн­ды­лықтарға өнер арқылы бау­лу болып табылады. Біз бүгін тамашалап отырған суреттерде балалардың қоршаған орта­ның сұ­лулығын, Қазақстан хал­қы­ның мәдениетін бейнелеу­ге құштарлығын анық көріп отыр­­мыз», деді «Шеврон» ком­­па­ния­сының өкілі Лейла Айт­мұханова. 

Байқауға қатысушылар бейнелеу құралдарымен қоршаған әлемді, яғни туған табиғаттың сұ­лулығын, сүйікті қаласын, же­тістіктерін, Қазақстанның бар­лық қазақстандықтар үшін ор­тақ үй екенін көрсетуге ты­рысқан. 

Байқау аясында бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер, мүсін және қыш бойынша шеберлік кластар, елорданың әсем де салтанатты орындарымен танысу және Ұлттық музейге, «Мәңгілік ел» салтанатты аркасына экскурсиялар ұйымдастырылды. 

Миражан МАХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті