Елімізде республикалық деңгейдегі үш музей-қорығы ашылды — Б. Әбдіғалиұлы

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында елімізде республикалық деңгейдегі Бозоқ, Ботай және Сарайшық — үш музей-қорығы ашылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Берік Әбдіғалиұлы айтты.

Егемен Қазақстан
13.06.2018 5038
2

Ескерткіштерді қорғау үшін мемлекеттік мекеме болуы қажет екенін айтқан орталық басшысы бұл оларды қаржыландыруды жеңілдететінін де жеткізді. 

«Осы орайда, республикалық деңгейде үш қорық ашылды. Бұл үлкен жетістік. Оның ішінде, алғашқысы – Сарайшық, екіншісі – жылқы малы алғаш қолға үйретілген жер екенін бүкіл әлем мойындаған Солтүстік Қазақстандағы Ботай. Үшіншісі – Бозоқ», — деді ол. 

Сондай-ақ спикер жобаның тұңғыш рет жалпыұлттық деңгейде іске асырылып жатқанын айтты. Еліміздегі әрбір ауылда, елде мыңжылдық тарихы бар қасиетті жерлер бұрыннан бар. Бұл жоба соның бәрін бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынған.  

«Киелі жерлер арқылы ел өз-өзін тану, тарихын, дәстүрін танудың маңызын түсінеді. Туристік сапармен сол жерлерді аралап шыққанда батыстағы ағайындар шығыстағы қасиетті жерлерді білсе, шығыстағы ағайындар оңтүстіктегі жерлерді білсе, сөйтіп, бүкіл Қазақстандағы қасиетті жерлер бәріне бірдей белгілі болса, бұл елдің басын қосады. Жобаның негізгі мақсаты да осы», — деді Б. Әбдіғалиұлы. 

Сарайшықта отыз орындық жұмыс орны ашылады. Солтүстіктегі Ботай музей-қорығында да отыз адамдық жұмыс орны құрылмақ. Сол өңірлердегі азаматтар бұл киелі жерлерді қысы-жазы күтіп-баптап ұстайтын болады.

«Сонымен қатар бүгінде үш жерде сапар орталықтары салынып жатыр. Мәселен, Алматыдағы Тамғалы тасқа барсаңыздар, не күтіп алатын адам жоқ, не күтуші жоқ. Осы олқылықты жою мақсатында сапар орталығы сол жерде ашылады. Қалған екеуі Отырар және Ұлытауда ашылатын болады. Ендігі жылы Сарайшық қосылады, сөйтіп жыл сайын инфрақұрылым арта береді», — деп мәлімдеді спикер. 

Өңірлерде киелі жерлер үшін қаражат бөлініп жатыр. Мысалы, Шығыс Қазақстанда Берелге, қорық ретінде ашу көзделген Шіліктіге қаражат бөлінуде. 

«Сөйтіп, әр облыс өз өңіріндегі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуда», — деп нақтылады ол. 

Б. Әбдіғалиұлы өңірлерде тағы қандай қасиетті жерлерді қосуға қатысты талқылаулар жүріп жатқанын айтты. Мақсаты — ескерілмей қалған киелі жерлерді есепке алу. Яғни, киелі жерлер тізімі әлі өзгеруі мүмкін, бұл жұмыстар жалғасын таба бермек. 

«Киелі жерлерді анықтағанда біз ескеретін негізгі критерийлердің бірі ол – аңыз. Өйткені бізде тек қана мазарлар мен үңгірлер ғана емес, сонымен қатар тас бар, су бар, тау бар. Олардың көнелігі емес, халықтың соған сеніп тағзым етуімен, аңызымен мықты», — деді ол.

Ескерткіштерді қорғау туралы заңға «қасиетті нысандар» бабы енгізілсе, заң қабылданғаннан кейін заңды түрде киелі жерлер қорғауға алынады. 

«Арнайы паспорт жасалып, бекітілген мемлекеттік тізілімі болады. Ондай ескерткіштеріміз мемлекеттік қорғауға алынады. Бүгін көптеген ескерткіштеріміз мемлекеттің қорғауында. Мемлекеттік тізімге кірмеген, бірақ ел қасиетті деп таныған ескерткіштер де бар, соларды ескеретін боламыз», — деп нақтылады Берік Әбдіғалиұлы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу