Президент • 13 Маусым, 2018

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                               Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым

             № 699