Спорт • 14 Маусым, 2018

Азия чемпионаты Астанада өтеді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Астанада кио­кушинкай-кан каратэден Азия чем­пионаты өтуіне байланыс­ты баспасөз мәслихаты ұйым­дастырылды. 

Азия чемпионаты Астанада өтеді

Іс-шараға Ұлт­­тық республикалық кио­ку­­шин­кай-кан каратэ феде­ра­ция­сының президенті, Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты Омар­хан Өксікбаев, аталған федерацияның ви­це-президенті Сайранбек Әбіл­қайыров, бас бапкері Азамат Тәкенов қатысты.

«2018 жылғы 15-17 маусым күндері «Дәулет» спорт ке­шенінде, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай кио­кушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кі­ші жастағы қыздар, ерлер жә­не әйелдер арасында Ашық Азия чемпионаты өтеді. Бұл чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша 12 жастан жоғары спортшылар 37 салмақта сынға түседі. Құрлықтық бәсекеге 12 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады деп жос­пар­ланған. Қазіргі таңда чем­пи­онатқа қатысуға Иран, Ирак, ­Үн­дістан, Ауғанстан, Тәжік­стан, Қырғызстан, Ресей, Жа­по­ния, Моңғолия, Түрік­мен­стан мемлекеттерінен өтінімдер түсті», деді Омархан Өксікбаев.

Жылдың байрақты бәсе­ке­сін­де ел намысын ерлер ара­сындағы әлем чемпи­о-

ны Әлішер Карменов, 2015 жылдың Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүл­дегері Никита Га­рас, әйелдер ара­сындағы әлем чем­пи­­онатының күміс жүл­де­гері Әлемгүл Сабырхан, жас­тар арасындағы әлем чем­пи­онатының күміс жүлдегері Мадина Сауытова сынды елі­міз­дің үздік жас татами ше­бер­лері қорғайтын болады.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»