Әлем • 14 Маусым, 2018

ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Әзербайжан Мәдениет министрімен кездесті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бакуде ҚР Президентінің Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков бастаған қазақстандық делегация Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Абульфас Гараевпен кездесті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Әзербайжан Мәдениет министрімен кездесті

Кездесу барысында М.Қасымбеков «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабының таныстырылымының жоғары деңгейде өткенін және үстіміздегі жылдың мамыр айында Астанада Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің өмірі жайында қазақ тілінде басылып шыққан туындысын Қазақстан жұрты жақсы қабылдағанын айтты. Сондай-ақ, қазақ халқының Әзербайжан еліне деген ерекше сый-құрметін жеткізді.

Әзербайжан Мәдениет министрі өз тарапынан Қазақстандағы кинематогрофтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын ескеріп, осы салада бірігіп жобалар жасауды ұсынды.

Бұл бастаманы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қолдады. Министр Ресеймен және Қытаймен бірігіп жасалған киножобаларды мысал етті. Олардың қатарында «28 панфиловшылар» сынды кинопрокатта көш бастаған фильмнің де бар екендігін атап өтті.

Тараптар кездесу аясында 2018 және 2019 жылдары Қазақстанда Әзербайжан, Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу мәселесін талқылады.

Кездесу соңында қазақстандық делегация басшысы А.Гараевке Гейдар Әлиев жайында қазақ тілінде жазылған естелік кітапты сыйға тартты.