Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі болып тағайындалды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі болып тағайындалды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың кеңесшісі болып тағайындалды.  Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтау барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов айтты,

Ал, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы болып Айбек Смадияров тағайындалды.