Бокс • 17 Маусым, 2018

Боксшы Нұрзат Сабыров Канадада өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Канадада өткен кәсіби рингте жеңіске жетті, деп хабарлайды sports.kz.

 

Боксшы Нұрзат Сабыров Канадада өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

24 жастағы қазақстандық азамат Шавинигандағы (Канада) Centre Gervais Auto ойын-сауық кешенінде жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы 40 жастағы мексикалық Гильмеро Ромеро болды.

Жекпе-жек 8 раундқа есептелген, бірақ Нұрзат оны төртінші раудта техникалық накаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл Нұрзаттың жетінші жеңісі болса, Ромероның жетінші жеңілісі.