17 Маусым, 2018

«Астана-Алматы» пойызының рельстен шығып кету себебі анықталды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана-Алматы» пойызының рельстен шығып кету себебі анықталды

ҚР ИДМ Көлік комитетінің өкілдері Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуінің алдын ала себептерін айтты. 

«17 маусым күні 13:25-те Сарышаған - Шу учаскесінде Астанадан Алматыға бара жатқан №9/10 пойызының жолаушы вагондары рельстен шығып кетті. Оған машинистің жолдың қисайған жерін көріп, шұғыл тежегішті басқаны себеп болған. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің жанында арнайы комиссия жасақталды», - деп мәлімдеді Көлік комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.