Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына 25 жыл толды

Астанада Президент жанындағы Қазақстан страте­гиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) 25 жылды­ғына арналған «Жаңғыртудың ұлттық стратегиясы: жетістіктері мен келешегі» туралы халықаралық конференция өтті.

Егемен Қазақстан
18.06.2018 4913
2

Оған Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев және басқалар қатысты.

Конференцияның ашылу барысында Аида Балаева Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың инс­титуттың 25 жылдық мерейтойына орай жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Мем­лекет басшысының құттық­тауында институт қызмет­керлерінің атқарып жатқан жұ­мыстарына жоғары баға беріліп, ҚСЗИ-дың 25 жылдық еңбегі, тәуел­сіз Қазақстанның стра­тегиялық құжаттарын сүйе­мелдеуде маңызды рөл атқарғаны айрықша аталып өтті.

«Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының дамуы Қа­зақстан тәуелсіздігінің қалыптасу және нығаю тарихымен тікелей байланысты. Институт 1993 жылы менің Жарлығыммен жоғары деңгейде еліміздің ішкі-сыртқы саясатында стратегиялық шешімдерді жоғары деңгейде бол­жам­дық-сараптамалық сүйе­мелдеумен қамтамасыз ететін қазақстандық ал­ғашқы зерттеу орталығы болып құрылды. Сол уа­қыттан бері KAZISS елі­міздегі бе­делді ғылыми-сараптамалық ұйымға айналып, халықаралық же­текші сараптамалық орталарда өз орнын тауып үлгерді. Құрылған күннен бастап институт өзінің ең басты міндеттерінің бірі ретінде жоғары білікті мамандарды дайындауды жолға қойды. Нәтижесінде Президент әкімшілігіне, Қауіпсіздік кеңесі мен Сыртқы істер министрлігіне, өзге де мем­лекеттік басқару органдарына және консалтингілік орталықтарға қызметкер даяр­лайтын жетекші маман­дардың ұстаханасына айналды.

Бүгінгі таңда институт алдында тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен көркеюін ғылыми-сараптамалық тұрғыда сүйемелдеу сапасын арттыру міндеті тұр. KAZISS-тің бүгінгі миссиясы – мем­лекеттік басқарудағы ғылыми-сараптамалық сүйе­мелдеудің сапасын арттыру. Қызметтеріңізге табыс, жаңа, ауқымды жобаларда отандық сараптау дәстүрін одан әрі күшейте түсуді тілеймін», делінген құттықтау хатында.

Бұдан соң институтты әр жылдары басқарған Мәулен Әшімбаев, Ермұ­хамет Ертісбаев, Ерлан Қарин, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, Өзбек­стан Республикасының Пре­зи­денті жанындағы Стра­тегиялық және аймақаралық зерттеулер инс­титутының директоры Владимир Норов және бір топ мейман сөз алып, институттың рөліне, тарихына тоқталып, сый-сыяпаттарын тарту етті. Ал қонақтарға, институттың ардагер қызметкерлеріне 25 жылдыққа орай шектеулі санмен шығарылған мерекелік медальдар тарту етілді.

Пленарлық отырыстан соң халықаралық конференция жұмыс топтарына бөлініп, Орталық Азия елдерінде орын алып отыр­ған әлеуметтік-саяси үде­рістер туралы пікір ал­мас­ты. Конференция сарап­шыларға аймақтағы әрі қа­райғы ынтымақтастықтың жаңа қырлары мен ресурс­тарын бағалауға және ашып көрсетуге, аймақтық даму­дың негізгі мүмкін қауіп-қатер­лерінің, сая­си және әлеуметтік-экономикалық үде­рістердің көрінісін түй­сінуге мүмкіндік берді.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

20.09.2018

«Хат қоржын» (20.09.2018)

20.09.2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

20.09.2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

20.09.2018

Көкірек көзіміз қайтсек ашылады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу