Қазақстан • 18 Маусым, 2018

Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесін қайта қарау қажет – С. Бычкова

716 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қылмыстық істерді жазалауды ізгілендіру жөніндегі біздің елдің саясаты – санкциялардың дифференциалды және бас еркінен айырмайтын, жеңілдетілген жүйесін қамтиды.

Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесін қайта қарау қажет – С. Бычкова

Соның ішінде мемлекетке пайда келтіретін тұсы да қарастырылып, қылмыскерлерді қоғамдық жұмыстарға тарту сияқты істер де ескерілген. Осы іс пайдалы бола тұра, оның құқықтық реттелуінде көптеген проблемалар туындап отыр.

Қолданыстағы қылмыстық әлеу­мет­тік заңнамаларда қоғам­дық­ жұ­мыстарға рұқсат ету қарас­ты­рыл­ған. Алайда қоғамдық жұмы­стар­ды белгілеуде оның шектеулілігі қол­данысты қиындатады. Бас еркі­нен айырудың баламасы ретінде қарас­ты­рылатын қоғамдық жұмысқа тар­ту жазасы оған қоршаған орта жақ­сы баға бергенде ғана нәтижесін бере­ті­нін ескеру керек.

Бүгінгі таңда қоғамдық жұмысқа тартылушылар негізінен көшелерді сыпырумен шектеліп отыр. Ал алыс және жақын шетелдердің тәжі­ри­бе­леріне қарасақ, олар сан­да­ған сала­ларға тартылады екен. Мысалы, аймақ­ты көгал­дан­дыру мен абаттандыру, ауруханал­ар мен бас­қа да әлеуметтік нысандардағы білік­ті­лікті қажет етпейтін жұмыстарға тар­ту және т.б.

Сонымен қатар қоғам құқық бұ­зу­шылардың үнемі мемлекеттің ба­қы­лауында екеніне сенімді болуы керек, өйткені бұл жаңа қылмыстарды жа­саудың мүмкіндігін азайтады, тұр­ғындардың қауіпсіздікке сенімін арттырады.

Сондықтан қылмыскерлер үшін қоғамдық жұмыстарды сапа­лы ұйымдастырудың маңызы зор. Олар жергілікті атқарушы орган­дардың, пробация қызметінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен аза­мат­тық қо­ғамның, жергілікті өзін-өзі бас­қа­ру органының үйлес­тіріл­ген жұ­мы­сының нәтижесінде ұйым­дас­ты­рылуы керек. Негізгі жауап­ты­лық жергілікті әкімдерге жүк­тел­гені дұрыс. Алайда бізде қоғам­дық жұ­мыстар осылай ұйым­дас­ты­рыл­май­ты­нына заңның іске асырылуына мо­ниторинг жүргізген депутаттар тобының көзі жетті.

Осыларды ескеріп біз Үкімет бас­шысы Бақытжан Сағынтаевтың аты­на депутаттық сауал жолдап, төмен­дегі мәселелерді жүзеге асыруды ұсындық:

1. Ішкі істер, сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрліктеріне қоғамдық жұ­мыстарды дифференциялау жұмысын тапсыру;

2. Жоғарыда айтылған қоғамдық жұмыстардың тізбесін арттыру үшін мыналарды қарастыру:

– сотталған кәсіпкерлерге бір­шама уақыт тұрғындарға ақысыз қыз­мет көрсетуді балама ретінде қарас­ты­ратын құқық беру;

– сотталған адамның біліктілігіне сай келетін қоғамдық-пайдалы еңбек ұсыну;

– сотталған адамның еңбекке ше­бер­лігін арттыруға жарайтын қоғ­ам­дық жұмыстар ұсыну;

– сотталғандардың ішіндегі әйел­дер, балалар мен кәрі адамдардың ере­к­шеліктерін ескеретін жұмыстар қарастыру;

3. Қоғамдық жұмыстарды қыл­мыс­тық жаза деп қарастыратын тип­тік Ережені Үкіметтің қаулы­сы­мен бекіту және соның негізінде ау­дан (қала) әкімдіктерінің өз ере­желерін жасауын қамтамасыз ету;

4. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық қорғауды қамтамасыз етудегі жер­гілікті атқарушы органдар жұмы­сы­ның тиімділігін бақылауды арттыру.

Светлана БЫЧКОВА,

Мәжіліс депутаты