Қазақстан • 18 Маусым, 2018

«Астана-Алматы» пойызының 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана-Алматы» пойызының 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді

«Алматы-1» теміржол вокзалына жеткізілген жолаушыларға медициналық қызмет көрсетілді. Сол жерде вокзалдың медициналық пункті мен 10-нан астам жедел жәрдем қызметінің көлігі кезекшілік атқарды. Сондай-ақ, жолаушыларға қосымша ақпараттық-анықтамалық аумақта теміржол билеттерінің ақшасын қайтарып алуға қатысты кеңес берілді.

«Адамдарды белгіленген пунктке жедел жеткізу үшін Шу стансасына 7 жолаушы вагоны жіберілді», - деді «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Сәрсебек Жапаров. Рельстен шығып кеткен пойызы жолаушыларының айтуынша, оқыс оқиға болғаннан кейін жолсеріктер оларды бірден вагоннан сыртқа шығарған. Шамалы уақыт өткен соң теміржолшылар жолаушыларды басқа пойызбен Алматыға жөнелткен.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметінше, аталмыш оқиға Астана-Алматы бағытымен жүретін пойыздардың жүру кестесіне кедергі келтірмеген.