«Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарымыз туралы хабар түскен жоқ. Қазақстанның консулы Жапония премьер-министрінің кеңсесінде құрылған дағдарыстық штабпен байланыс орнатып, хабар алысып отыр», - деді А.Смадияров.
Еске салайық, дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан үш адам көз жұмып, 40-тан астам адам жарақат алды.