Қазақстан • 18 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстанда жұқпалы ішек аурулары инфекциясы өршіп тұр

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылға қарағанда биылғы 5 айда жұқпалы  ішек аурулары инфекциясына шалдыққандардың саны 34 пайызға артқан.

Солтүстік Қазақстанда жұқпалы ішек аурулары инфекциясы өршіп тұр

Кеселді жұқтырғандардың 80 пайызы– балалар. Эпидемиолог мамандар  қарапайым санитарлық ережелердің сақталмауы салдарынан орын алғанын көлденең тартады. «Жыл басынана бері 300-ге жуық өткір ішек  аурулары инфекциясын жұқтыру фактілері тіркелді.  Ол14 жасқа дейінгі балалар арасында кең таралып отыр.

Өңірде тамақтан улану фактілері де жоқ емес. Осындай  5 жағдай орын алды», дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Фарида Мұхамеджанова.

Оның айтуынша зауыттардан шығарылатын өнімдерден улану фактілері тіркелмеген. Шымкенттегідей балмұздақтан улану секілді оқыс оқиғалар   қайталанбас үшін тауар өндірушілер мен өнімді өткізушілерге алдын-ала ескерту шаралары беріледі.

Дегенмен, азық-түлік өндіретін зауыттарда жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер қысқартылған. Бұл кәсіпорындар жауапкершіліктен құтылып кетеді дегенді білдірмейді. Жаңа заң нормасы бойынша бұдан былай әр кәсіпорын өздерінде ішінара тексерістер өткізіп тұруды қолға алатын болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы