Қазақстан • 18 Маусым, 2018

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы дала» III Гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Форум барысында «Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды.

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды

Биылғы форум Астана қаласының 20 жылдық мерекесі мен Түркістанның ақиық ақыны Мағжанның 125 жылдығына, Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына, Әзербайжан Халық Республикасының 100 жылдығына арналып отыр.

Форумның марапаттау рәсімінен кейін «Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру шешімнің қол қою рәсіміне Моңғолия Ғылым академиясының президенті Рэдгэл Дүгэрийн, Ресей Ғылымдар академиясы Тіл білімі институтының аға ғылым қызметкері Олег Мудрак, Түрік тіл құрымының төрағасы Мұстафа Качалин мен Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қол қойды. Қысқаша АТАМ деп аталатын қауымдастық арғытегі Алтайдан тарайтын тамырлас жұрттың мұрасын зерделеу жұмысын үйлестіретін болады.

Ұлы Дала форумы

«Алқалы бас қосуға алыс және шет елдерден белгілі ғалымдар қатысып отыр. Бұл өз кезегінде әлемде гуманитарлық ғылымға деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Өйткені ғылым, соның ішінде гуманитарлық ғылым елдер мен халықтарды байланыстыратын – алтын арқау. Былтырғы форумда түркология, моңғолистика, алтаистика салаларын бірге дамыту тақырыптары көтерілген болатын. Бұл бастама биыл нақты нәтижесін беріп отыр. Аталған қауымдастықтың жылына төрт рет шығатын журналы болады. Сонымен қатар, осы серия бойынша арнайы кітаптар шығарамыз. Алтаистика, Түркология, Моңғолистика бойынша серияларды шығара бастаймыз. Құтты болсын», - деді Дархан Қыдырәлі.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше