Қазақстан • 18 Маусым, 2018

Биыл ҰБТ сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды - Рамазан Әлімқұлов

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты.

Биыл ҰБТ сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды - Рамазан Әлімқұлов

«Ағымдағы жылы ҰБТ 15-ші рет өтейін деп отыр. Осы уақыт аралығында шамамен 1,5 млн түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қазіргі уақытта 2018 жылдың ҰБТ-сына дайындық штаттық режімде жүргізіліп жатыр. Барлық аудитория дайын. Биыл ҰБТ форматы өзгермейді. Үш міндетті пән болады: Қазақстан тарихынан 20, сауатты оқудан 20, математикалық сауаттылықтан 20 және таңдап алынған 2 пәннен 30 сұрақтан» - деді Рамазан Әлімқұлов.

Бүгінде республикалық апелляциялық комиссияның мүшелері құрамында 54 адам бар. «Апелляция тетігі де сақталады, ешқандай өзгеріс жоқ. Яғни, ҰБТ тапсырған түлек келесі күні сағат 13:00-ге дейін дау тудырған сауалға байланысты жергілікті апелляциялық комиссияға өтінім бере алады. Одан кейін егер жергілікті комиссия дауласуға себеп бар деп шешетін болса, онда материалдарды республикалық комиссияға береді», - деді ол.

Былтыр 198 апелляциялық шағым түссе, оның 50 пайызы техникалық мәселелерге қатысты болған. Мазмұнына қатысты 98 мәселе көтеріліп, қанағаттандырылған.

«Өткен жылы ҰБТ-ның тест тапсырмалары 40 мың болса, соның 98 сұрағы, яғни 0,02 пайызы ғана дау тудырды. Әлемдік тәжірибеде 1 пайызға дейін қалыпты болып есептеледі. Біз бұл дұрыс көрсеткіш деп санаймыз. Биыл тест сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды және биылғы ҰБТ-да 80 мың сұрақ болады», - деді Рамазан Әлімқұлов.

Соңғы жаңалықтар