Білім • 18 Маусым, 2018

Қыздар Университетінде әлемдік ұйымның өкілдігі ашылады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысының ресурстық орталығы ашылады.

Қыздар Университетінде әлемдік ұйымның өкілдігі ашылады

– Алдағы уақытта Қыздар Университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты мен аталған жастар қозғалысы бірлесіп студенттерге гендерлік теңдік жайында, жастардың көшбасшылық деңгейін көтеру мақсатында семинарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Жастар арасында тәрбие беру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, олардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бүгінде үлкен маңызға ие, – дейді Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Айта кетейік, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы үлесі үлкен. Ұйым қызметі негізінен ана денсаулығын сақтау, әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қол жеткізуге көмек көрсетуге бағытталған.

Бүгінде Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысы әлемнің 44 елінде қызмет атқарады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік теңдікті сақтау, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту басты мақсаты болып табылатын ұйым 1999 жылы БҰҰ жастарды дамыту және қорғау мәселелері бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бастамасымен құрылған.