Қазақстан • 18 Маусым, 2018

Пойыздардың соқтығысуы туралы ақпарат жалған - Жеңіс Қасымбек

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек кеше Жамбыл облысында болған пойыз апатына байланысты пікір білдірді.

Пойыздардың соқтығысуы туралы ақпарат жалған - Жеңіс Қасымбек

«Комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бері эксперименттік шаралар жүргізілді. Өйткені БАҚ-та түрлі нұсқалар жариялануда. Осыған орай бүгінгі эксперимент барысында пойыздардың жанама соқтығысуы расталмады. Қазіргі кезде барлық себептер анықталуда», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр теміржол бойындағы қозғалыс қалпына келтірілгенін еске салып өтті. Оның айтуынша, пойыз апатының мән-жайына қатысты және өзге сұрақтарға байланысты арнайы баспасөз мәслихаты өтеді. «Зардап шеккендер мен қаза болған адамға қатысты өтемақы бойынша шешім ҚТЖ-мен бірлесе жасалады. Жалпы, тексеру шаралары тиісті уақытты қажет етеді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Мұнымен қоса ол комиссия өкілдері пойыз машинисінің іс-қимылдарына да баға беретінін жеткізді. «Кез келген көлік құралы, яғни теміржол жолаушылар құрамы міндетті түрде қажетті жөндеу жұмыстарымен және басқа да шаралармен қамтылады. Атап айтқанда, бұл талаптар қатаң түрде орындалады. Егер де пойыз жолға шықса, онда осы көлік техникалық тұрғыда дұрыс болғанын білдіреді», - деді Ж. Қасымбек.

Еске салайық, кеше Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқан болатын.