Аймақтар • 18 Маусым, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аталмыш конкурс Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, «Үздік батальон сержанты», «Үздік рота сержанты», «Үздік взвод сержанты» және « Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында бақ сынасты.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

Конкурс бағдарламасы сан түрлі тақырыптардан құралған болатын, олар: «Қайсар» әскери-спорт сайысы, «Барыс» әскери қоян-қолтық күресі, оқ дайындығынан «Мерген» этапы, әскери техниканы жүргізуден «Тұлпар», білімділер арасынан «Білімпаз» этапы, «Шебер» техникалық дайындық тақырыбы, «Денсаулық» әскери-медициналық дайындығы мен «Бағдар» әскери топография тақырыптары.

Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік батальон сержанты» атағын 30238 әскери бөлімінен (Ақтобе) 3 сыныпты сержант Артур Қазыбаев иеленді. «Үздік рота сержанты» атағы 75488 әскери бөлімінің әскери қызметшісі (Ақтау) 3 сыныпты сержант Самат Абайұлына бұйырса, 99116 әскери бөлімінен  сержант Жұмағали Мұздақ пен кіші сержант Алмасхан Мамбетов, сәйкесінше «Үздік взвод сержанты» мен « Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында жеңімпаз атанды.

 - Біз жыл сайын осы конкурстың деңгейі мен сержанттардың көрсеткіштерін жақсартуға барымызды саламыз келеміз. Бүгінгі күні, сержант корпусы «мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса» ұранымен жеке құрамды алға жетелеп, өңірлік қолбасшылықтың қуатын арттыруға өз септігін тигізіп келеді, деді 99116 әскери бөлімінің сержанты - 2 сыныпты сержант Бағдат Ұлықпанов.

Конкурс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қоса, әр тақырыптағы үздік сержанттарда назардан тыс қалмады.

Бүгінгі күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамы,  жеке құрамның жауынгерлік және дене даярлығындағы, жоғары әскери тәртіпті ұстаудағы, күнделікті әскери қызмет үрдісін қадағалаудағы алатын орындары зор.

Рүстем  Игисинов,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі, аға лейтенант.

Маңғыстау облысы