Аймақтар • 18 Маусым, 2018

«Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасы «Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының Мұнайлы ауданындағы көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының Мұнайлы ауданында жүзеге асырылу барысы туралы» тылқыланды.

«Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті

Комиссия отырысына облыстық партия филиалы төрағасы бірінші орынбасары Нұри Тумышев, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалындағы «Индустриялық даму» сараптама комиссиясының партиялық кураторы, облыстық мәслихаттың депутаты Абзал Меңдібаев, облыстық, аудандық мәслихаттардың депуттары, облыстық кәсіпкерлер палатасының, облыстық индустриалық-инновациялық   даму басқармасының өкілдері, аудандық партия ардагерлер кеңесі қатысты.

«Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасының Мұнайлы ауданында жүзеге асу барысы туралы» Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дастан Яхьяұлы Мұратәлиев айтты.

-2015-2019 жылдарға арналған Инвестицияларды тарту шаралары аясында өңірге келген ірі инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау картасы жасақталып, енгізіліп отырады. Бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлікті қолдау Картасына 24 жоба енгізілді. Жобалардың жалпы құны 500,1 млрд. теңгені құрайды. Жоспарланған жұмыс орындар саны 3 263 орын. 24 жобаның ішінде 8 жоба шет елдік инвесторлардың үлесімен жүзеге асырылуда. Аталған Картаға Мұнайлы ауданынан 2 жоба енгізілген болатын. Олар: «Маңғыстау құс» ЖШС-ң құс фабрикасы және «Бест Групп» ЖШС-ң күн электр станциясы,- деді ол.

Оған қоса, Дастан Мұратәлиевтың айтуынша, картаға енген 2 жоба: «Бест Групп» ЖШС-ң күн электр станциясы құрылысы 2018 жылдың сәуір айында бітіп, іске қосылған болса, «Маңғыстау құс» ЖШС-ң құс фабрикасының құрылысы  2019 жылдың І тоқсанында аяқталады.

 Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

  «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар