Қазақстан • 19 Маусым, 2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бурабай курорттық кентінде қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өткізілетін республикалық лекторий аясында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді.

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

Жоба алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында көтерілген болатын. Жоба «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру аясында барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан этностарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын дамытуға бағдарланған.

Жиынды ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.А.Прокопенко «Ғылыми-танымдық «Қазақтану» жобасы - қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын барлық қазақстандық этностар арасында дәріптеуге арналған. Бұл жобаға ерекше көңіл бөлініп отыр, жоба бірыңғай құндылықтарды қалыптастыруға өз үлесін қосады деп ойлаймын », - деді.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде «Жер тарихы – ел тарихы» экспедициясы мен «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» жобалары жүзеге асады.

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

“Егемен Қазақстан”