Аймақтар • 19 Маусым, 2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы мәдениет және демалыс саябағында «Бір отбасында тұрамыз» атты өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің жазғы өнер фестиваль өтуде. Фестиваль Астананың 20 жылдығына арналуда.

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

Бұл жолы мерекеде «Ертіс казактары» халық ансамбілінің орындауындағы әндер шырқалды, «Вольница» ансамблінің керемет билерімен жалғасты. Мерекеге қала тұрғындары, қонақтар жиналды. Өңірдегі Песчаное ауылынан келген «Станица» ансамбілі, Ямышево ауылынан келген «Раздолье», және «Поречье», «Прииртышье», «Воля», «Рябинушка» ансамбльдері казақтардың әндерін шырқап, билерінің түр-түрін билеп берді. «Родничок» балалар ансамблі де үлкендердің жолын жалғастырып өнерлерін ортаға салды.

Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай өз құттықтауын  білдірді:

- Казактар мәдениетін, өнерлерімен де ерекше. Өңірдегі ұлт аралық келісімді дамытуға үлес қосуда. Этно- мәдени бірлестіктің төрағасы, атаман Серегй Городничевқа алғысымызды білдіреміз, - дейді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»