Қазақстан • 19 Маусым, 2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесіне, Кәсіпкерлік кодексіне, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңдарына түзетулер енгізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесіне енгізілетін түзетулер 2021 жылдан бастап газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институты таратылатындықтан осы ұйымдарды аккредиттеумен байланысты нормалар алып тасталды. Сондай-ақ сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағаларын өнім беру жоспары аясында электрондық сауда алаңдарынан тыс шекті бағаларға ауыстыруға және сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту мониторингін жүзеге асыруға байланысты нақтылау сипатындағы түзетулерді көздейді.

Кәсіпкерлік кодексіне енгізілетін түзетулер де жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты осы кодекстің ережелерін нақтылауға бағытталған.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға енгізілетін негізгі өзгерістер Қазақстанның ішкі нарығына ЭСА арқылы сұйытылған мұнай газын берудің жаңа тетігін бекіту арқылы сұйытылған газдың көтерме саудадағы бағаларын кезең-кезеңімен қайта реттеуге бағытталған.

Осы алаңқай арқылы сатылатын сұйытылған мұнай газға Энергетика министрлігі бекіткен түпкілікті баға қойылмайды.

Сондай-ақ 2021 жылғы 1 қаңтардан газ желісі ұйымдары арасында сұйылтылған мұнай газын қайта сатуды тоқтатуға тыйым салу ұсынылады.

Заң жобасы Палатаның қарауына ұсынылды.