ТМД елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының ХІІІ форумы басталды

Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының ХІІІ форумы басталды. 

Егемен Қазақстан
20.06.2018 7593
2

Аталған форум 2006 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан ТМД-дағы ірі гуманитарлық іс-шара болып саналады. Бұған дейін Мәскеу, Минск, Ашхабад, Бішкек сынды астаналарда бас қосқан зиялы қауым өкілдері осы форумға қатысу үшін Қазақстан елордасына үшінші мәрте жиналып отыр. Ұлттық музей төрінде шымылдығын түрген игі шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрік­менстан, Өзбекстан мен Ресей­ден 200-ден аса делегат келді. «ТМД-дағы диалог – ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі» атты тақырыптағы келелі жиынды Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ашып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқып берді. 

Елбасы құттықтауында ТМД-дағы Мәдениет жылы аясында өтіп жат­қан бұл форум ХІ Астана эконо­мика­лық форумында көтерілген ғалам­дық мәселелермен және бүкіләлем­дік үрдіс­термен, сондай-ақ сананы жетілдіру бағдарламасының міндеттерімен тығыз байланысты екені айтылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске қоса отырып, бәсекелік қабілетті, прагматизмді, ұлттық бірегейлікті сақтауды, білімнің сал­танат құруын, эволюциялық даму­ды және сананың ашықтығын қазақ­стан­дық ұлтты дамытудың негізгі басым­дық­тары ретінде белгілегеніміз атап өтілген. Жаһандық әлемдегі жағдайда бұл әмбебап құндылықтар халықтың әрқайсысына жақын және ұғынықты. 

Форумға, сондай-ақ Халықаралық гуманитарлық ынтымақ­тастық қоры (ХГЫҚ) басқармасының төрағасы, Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі П.Бюльбюль оглы, ХГЫҚ басқар­ма­сының тең төрағасы, Ресей Президентінің халық­ара­лық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі М.Швыдкой, еліміздің Мәдениет және спорт министрі А.Мұха­меди­ұлы, сонымен бірге достастық елдерінің делегаттары, қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет, білім өкілдері қатысты.

Астана төрінде өтіп жатқан алқалы басқосудың жемісті аяқталуына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин де тілектес екендігін білдіріп, құттықтау хатын жолдаған. Оны Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі М.Швыдкой оқып берді. Құттықтау хатта «Астана қаласында бас­тау алған ТМД-ға мүше мемлекеттердің ХІІІ ғылыми-шығармашылық интеллигенциясының форумы көтеріп отырған мәселелер достастық елдеріндегі интеграциялық үдерістерді дамыту­ға қызмет етеді. Форум жылдар бойы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде өткізілетін гуманитарлық тақырыптағы маңызды шаралардың біріне айналды. Ол ғылым, мәдениет, өнер және білім саласының өкілдері, журналистер мен публицистер арасында бейресми, қызықты қарым-қатынас орнатуға үлкен мүмкіндіктер бере отырып, өзінің сұранысқа ие екендігін және барынша тиімділігін толық дәлелдеді» делінген. 

Форумның ашылу салтанатында сөз алған Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы да жиынның маңыздылығына ерекше тоқталды. Министр атап өткендей, форумға қатысушылар екі күн бойы «Астана: мәдениет институттарының құрылуы мен дамуының табысты тәжірибесі», «ТМД-дағы Мәдениет жылы: дамудағы ынтымақтастық», «Білім беруді гуманизациялау: тарихы және болашағы» және «Болашақтың ұрпағы: сабақтастық және инновациялар» атты сұхбат алаң­дарында өзара кәсіби қарым-қаты­настың әртүрлі қырларын, атап айт­қанда, мәдениетаралық диалогты қалып­тастыру, білім беруді ізгілендіру, жастар­мен жұмыс жүргізудегі сабақтас­тық пен инновациялар сияқты мәселелерді талқыламақ.

Шын мәнінде, Астананың 20 жылдығымен қатар келген бұл форум әр жылдары елордамыздың саяси және мәдени өміріндегі жетістіктерімен сабақтасып келеді. Қала өмірінде орын алған тарихи өзгерістердің қиялға қанат бітіретіні сөзсіз. Жаңа елордамызды салуға бағытталған күш-қуат бүкіл елдің дамуына, оның ішінде шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің дамуына серпін берді. Осы тұрғыдан алғанда форумдағы талқылау тақырыптарының бірі қазақ астанасының 20 жылдығына және елорданың мәдени институттарының қалыптасуы мен дамуының тәжірибесіне арналды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, биылғы форумға өзек болған тақырып «ТМД-дағы диалог – ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі» деп аталған. Осы тақырып айналасында өрістеген әңгіме болашақ ынты­мақтастық негізінде жоспарлар құрып, қазіргі ахуал және келешектегі басым бағыттар мен жұмыс түрлерін анықтауды көздеді. Сондай-ақ пленарлық отырыстарда және салалық секцияларда да ғылым, білім беру және өнер қайраткерлері өзара кәсіби әрекеттестіктің әртүрлі қырларын талқылады. 

Бастысы, ТМД-дағы Мәдениет жылына байланысты мәдени ынтымақ­тастықтың әртүрлі қыры делегаттардың ерекше назарында болды. 

Форум аясында «Достастық жұл­дыздары» ТМД-ның бас­ты мемле­кет­аралық сыйлығының лауреат­тарын марапаттау салтанаты өтті. «Достастық жұлдыздары» сыйлы­ғын 2009 жылы ТМД-ға қатыс­у­шы мемлекеттердің гуманитар­лық ынтымақтастығының мемлекетара­лық қоры тағайындаған. Бұл ТМД мем­лекеттерінің өкілдеріне, әлемдік жетістіктер дәрежесіне сай келетін, ТМД-ға қатысушы елдер­дің әр­қай­с­ысының және жалпы достас­тық­тың дамуына ықпал ететін гуманитар­лық қызмет саласындағы ең маңызды жетіс­тіктері үшін жыл сайын таға­йын­да­ла­тынын айта кеткен жөн. Биыл жалпы сомасы 2 млн рубль мөлшеріндегі сыйлыққа 8 елден 11 үміткер ұсынылды. 

«Достастық жұлдыздары» мем­ле­­кет­аралық сыйлығын тағайын­дау жөні­н­дегі кеңестің шешімімен биыл әзербай­жан филологы Наргиз Пашаева, беларусьтық биатлоншы Дарья Домрачаева, қазақ­стандық скрип­кашы Айман Мұса­қожаева, қырғыз әдебиеттанушысы Әбділдажан Ақматалиев, молдовалық физик Ион Бостан, ресейлік музыкант Юрий Башмет, армян композиторы Степан Шакаян және тәжік ақыны Низом Касим лауреат атанды.

Форум барысында еліміздің Мемле­кеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова бастап, бір топ зиялы қауым өкілдері ТМД елдерінің гуманитарлық саладағы бірлескен жұмыстарына арналған көрмені аралады. 

Айта кетейік, форум ТМД-ға қатысу­шы мемлекеттердің Мемлекет­аралық гума­нитарлық ынтымақтастық қоры (МГЫҚ), Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі­нің жә­не Қазақ ғылыми-зерттеу инсти­тутының (ҚазҒЗМИ) қолдауымен өтті. 

Мирас АСАН,

Суретке түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу