Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Заң үстемдігі - Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының кепілі» форумы аясында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов пен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкіл Дилмурод Касимов келісімге қол қойды.

Егемен Қазақстан
20.06.2018 33
2

Құжат екі ел арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен ақпарат алмасудағы ынтымақтастықты көздейді. Тараптар іскерлік ахуалды жақсарту бойынша, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жасауға бейімделген, аталмыш жұмыстар сындарлылық, ашықтық және олардың қызметінің тиімділігі қағидаты бойынша атқарылатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттің ұлттық заңдарын дұрыс қолдану бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсету,  ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу қарастырылған.

«Біз кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыста одан әрі тиімді әрі жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз. Біз үшін басты міндеттердің бірі – біздің кәсіпкерлер өзге елде басына түскен қиыншылықпен жалғыз қалмауы керек, оларға көмек көрсетілуі қажет», - деп, атап өтті Болат Палымбетов.

Өз кезегінде, Дилмурод Касимов тараптардың жұмысында жақсы серпін бар екендігін атап өтті.

«Біз, қазақстандық әріптестерімізбен, бүгінгі кездесуден бұрын бизнес құрылымдардың құқықтарын қорғау саласында бірлесіп, жұмыс істеп келеміз. Бүгін біз тиісті келісіммен ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнес-омбудсмен институты мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы көпір болып табылады», - деді Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы уәкіл.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Екі елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселелері шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат- әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда  облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

23.02.2019

Павлодарда  «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

23.02.2019

Ұлттық нейрохирургия орталығында түрлі науқастар  тегін қаралды

23.02.2019

Кетіп жатқан әкімге «кетпе» деді 

23.02.2019

Полиция департаменті тұрғындарға арналған кеңсе ашты

23.02.2019

Майқайың кентінде өрт сөндірушілер газ толы баллондарды алып шықты

23.02.2019

ҚХЛ: Тұрақты біріншілік аяқталды

23.02.2019

Михаил Кукушкин жартылай финалға шықты

23.02.2019

Еуропа лигасының жеребесі тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу