Қазақстан • 20 Маусым, 2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі «Алтын Гефест» республикалық байқауының лауреаты атанды. Байқау қорытындысы  Астанад қаласының мерейтойы құрметіне   25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында шығарылған болатын. «Жыл жобасы» аталымында «Қашар кенішінің тау-кен көлігі кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесі» атты жұмыс үздік деп танылды. 

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

«Ақылды кеніш» жобасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан телекөпір барында іске қосылған болатын.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің ақпараты бойынша, жыл сайын «Алтын гефест» ұлттық салалық байқауына 100-ден астам үміткер өтінім білдіреді. Биыл ССКӨБ – солардың қатарында.

«Жыл жобасы» аталымында экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатты арттыру мен өндірістік қайта құруды көбейтуге бағытталған әзірлемелер негізге алынады. «ССКӨБ» АҚ мамандары енгізген инновация – «Қашар кенішінің тау-кен көлігі кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесі» жобасы еш шүбә тудырмады, сол себепті де 2018 жылдың ең үздік жобасы ден танылды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Рудный