Аймақтар • 20 Маусым, 2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кеңеске «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы  басшысы П.Сармурзина, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық  офисінің басшысы  Г.Азан және баспасөз қызметі қатысты.

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

Отырыста Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына дайындық пен оған арналған шараларды өткізу жөніндегі жоспардың орындалу барысы жөнінде және «Рухани жаңғыруға» байланысты шаралар  айтылды. Бұл жөнінде Облыстық мәдениет басқармасы  басшысы П.Сармурзина айтып берді.

 - Жыл басынан бері Астана қаласының 20 жылдығына қарсы Маңғыстау облысы бойынша көптеген мерекелік шаралар өткізілді. Жоспарға сәйкес облыс кітапханаларында «Рухы биік - Астана» жүрмелі көрмесі, «Жаса, жайна Елорда» кітап көрмесі, «Астана - жарқын қала» тақырыптық кеш, «Арайлы Астана – елімнің көркі» интеллектуалдық ойын – сайыс, «Астана балалар көзімен....» атты  сурет салу  сайысы секілді танымдық шаралар өткізілуде. 1-4 шілде аралығында Астана қаласының 20 жылдығына Маңғыстау облысында көптеген мәдени іс-шаралар жоспарлануда, деді ол.

Екінші мәселе бойынша, Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық  офисінің басшысы  Г. Азан баяндады.

- «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи – мәдени мұралары (этнографиялық, этноархеологиялық, этимологиялық, топонимикалық, тарихи – сәулет, арабографиялық  зерттеулер)»  тақырыбында  облыстық кешенді  экспедициясы ұйымдастырылды. Жергілікті тарихшы ғылымдар және өлкетанушылармен бірлесе отырып, кешенді экспедицияның бағыттары талқыланып, жоспары дайындалды. Экспедиция мүшелерінің құрамына  республикаға танымал және Ресей, Әзірбайжан, Түркия елдерінен  мамандар тартылды. 14 мамыр күні экспедиция мүшелері қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді, «Маңғыстау» арнасында «Орта толсын» бағдарламасына қатысты, деді ол.

Келелі мәселелерді ортаға салған кеңестің келесі отырысында да рухани жаңғыруға қатысты мәселелер ортаға салынбақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар