Қазақстан • 20 Маусым, 2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 60 евродан 80 евроға дейін қымбаттауы мүмкін.

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

Еуропалық одаққа мүше-мемлекеттердің елшілері ЕО Кеңесінің атынан ЕО Визалық кодексіне өзгерту енгізу ұсынысы бойынша келіссөздерді жүргізуге мандат беру туралы шешімді қолдады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің арнайы өтінішінде айтылған. «Көші-қон процестерін тиімді басқару келуге қақысы жоқ азаматтарды қайтаруымызға мүмкіндік береді. Визалық кодекстің жаңа ережелері өз азаматтарын қайтарғысы келмейтін үшінші жақтағы мемлекеттерге жауап қайтару үшін тағы бір тетік береді»,- деді Болгарияның премьер-министрі Валентин Радев. Жоспарлы өзгерістерге сәйкес, өтініштер жол жүруден 6 айға дейін және 15 күннен кешіктірілмей енгізілетін болады.  Сондай-ақ,  өтініштерді электронды нұсқада толтыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

ЕО Визалық кодексінде болатын өзгертулер визаларды рәсімдеу барысын жылдамдатып, нақтылап береді. Сондай-ақ, Шенген визасының бағасы 80 евроға дейін немесе ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 31 411 теңгеге көтеріледі деген болжам бар. Еске салайық, Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны қазіргі таңда 60 евроны құрайды, 6 жасқа дейінгі балаларға - тегін.