Қазақстан • 20 Маусым, 2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім жəне ғылым министрлігі ҰБТ нəтижелерін білудің алудың жаңа көздері туралы ақпаратты ұсынды.

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

«Құрметті талапкерлер! ҰБТ нəтижелерін алу үрдісі үнемі жетілдіріліп отырады. Бұрын-соңды тестілеу нəтижелері арнайы тақташаларға ілінген болса, бүгінгі таңда ҚР БҒМ-нің басқа да қосымша мүмкіндіктері бар. ҰБТ-2018 нəтижелерін ендігі кезекте  Telegram-бот @edu.gov.kz немесе edu.mail.kz сайты арқылы үйден шықпай-ақ білуге болады: ол үшін тестілеуге қатысатын əрбір талапкерге берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет», делінген баспасөз хабарламасында.

Тестілеу қорытындыларын сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Тестілеу нəтижелерін əрбір талапкер өзі ғана көре алады. ҰБТ нəтижелері жоғарыда көрсетілген ресурстарға ақпараттың өңделуіне байланысты жарияланатын болады.