Қазақстан • 21 Маусым, 2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласында Білім және ғылым министрлігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен көптілділікті дамытуға және білім берудің жаңартылған мазмұнына байланысты оқу-әдістемелік кешендерді насихаттауға арналған. 

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

Елорда төрінде осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған игі шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге тарта ұстаз қатысып, шетелдік әдіскерлер дәріс оқыды. «Еdustream» білім беру компаниясы ұйымдастырған конференцияға ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінен бөлек, қанатқақты жобаға енген мектептердің физика, биология, химия, информатика пәндерінің оқытушылары да қатысты. Сондай-ақ алқалы жиын аясында «Екінші сынып оқушыларына арналған екінші тіл: ойнауға үйрету» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Еdustream» компаниясының Қызыл­орда қаласы бойынша әдіскері Дина Медетбекқызы айтып өткендей, ағыл­шын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдіс­темелік кешендерді жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған бұл конференция еліміздегі енді жүзеге асып келе жатқан жаңа жобаларға қарқын береді.

«Жекелеген пәндерді бірыңғай ағыл­шын тілінде оқытатын пилоттық мектептер ағымдағы жарты жылдықта аталған жобаны осы оқулықтардың көмегімен бас­тап кетті. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихымен әдебиетінен мол мағлұмат беретін оқулықтардың болашақ ұрпаққа ағылшын тілін үйретуде маңызы өте зор», дейді әдіскер Д.Сәдірбаева.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше