Бокс • 21 Маусым, 2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы британиялық Тайсон Фьюри кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 18 тамызда Белфаста өткізетінін мәлімдеді. Қазірше қарсыласының есімі белгісіз.

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

 «18 тамыз күні жұдырықтасатынымды растаймын. Жекпе-жекке небәрі тоғыз-ақ апта қалды. Шаршы алаңға оралуға асықпын», деп мәлімдеді Фьюри шетелдік БАҚ өкілдеріне.

Айта кетейік, Фьюри допинг дауына байланысты 2,5 жылдық үзілістен кейін 10 маусым күні үлкен рингке қайта оралып, албаниялық боксшы Сефер Сефериді төртінші раундта техникалық нокаутпен  жеңген еді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше