Қазақстан • 21 Маусым, 2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркістан қаласының облыс орталығы болуына байланысты өзінің пікірін білдірді.

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

«Түркістан - бар қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұртының рухани астанасы. Түркістанға облыс орталығы мәртебесін беру - Президенттің елдің еңсесін көтерген стратегиялық, тарихи шешімі болды», деп жазды Сенат Төрағасы.