Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Саланы жаңғыртуға жол ашқан Жолдау

533 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Биылғы маусым айында Қазақстан поли­ция­­сының қалыптасқанына 26 жыл толады. Тарихи өлшеммен алып қарағанда, 26 жыл аса көп уақыт емес. Дегенмен, осы қысқа мерзім ішінде біз талай биік белестерді бағындырып, ішкі істер саласын жетілдіруге бағытталған бір­қатар реформаны сәтімен жүзеге асыр­дық. Бұл реформалардың бәрі елдегі қауіп­сіз­дік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ба­ғыт­талған еді. 

Саланы жаңғыртуға жол ашқан Жолдау

Елбасы биылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тоғызыншы міндеттің ішінде азаматтардың кон­ституциялық құқықтарына кепілдікті ны­ғай­ту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қор­ғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жал­ғас­тыру қажеттігін тапсырған еді. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керектігін де баса айтты. Осы бағыттағы алғашқы қадам бізде өт­кен жылы жасалған болатын. Былтыр қыр­күйек айында «Сергек» интеллектуалды бейне­ба­қы­лау камерасы Астанада кеңінен таныстыры­лып, қолданысқа енгізіле бастады. Ал биыл Астана қаласы әкімдігі осындай бейнекамера­ла­р­ды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясын­да елордадағы 400 жол қиылысы мен 300 жол учаскесіне орнату жұмыстарын жүргізеді.

Орайы келгенде айта кеткен жөн, еліміздегі ірі қалалардағы сауда орталықтарында, көше­лер­де, кеңселерде, білім беру мекемелерінде және басқа да қоғамдық орындарда бұрын ор­на­тылған бейнекамералардың көмегімен көп­теген қылмыс дер кезінде анықталады. Өткен жылы бейнабақылау камералары арқылы екі мыңнан аса қылмыс «ізі суымай» ашылды. Соның ішінде 6 кісі өлімі, 16 қарақшылық шабуыл, 272 тонау, 604 бұза­қы­лық, 614 ұрлық, 107 автокөлік ұрлығы анық­талып, қылмыскерлер лайықты жазасын алды. Ал камераның көмегімен анықталған әкім­ші­лік құқық бұзушылық 500 мыңға жу­ық­тай­ды. Сондай-ақ бақылау камералары бөте­н­нің мүлкін ұрлау, бұзақылық және бас­қа да қыл­мыс түрлерінің алдын алуға да айтар­лық­тай септігін тигізуде.

Президенттің тікелей тапсырмасының негі­зін­де Қылмыстық, Қылмыстық-процес­тік, Қыл­мыстық-атқару және Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық туралы кодекстерге елеулі өзгерістер енгі­зіл­ген болатын. Осының арқасында қа­зір­­гі таңда полиция және барлық құқық қор­ғау органдары қылмыстық сот өндірісінің жаңа мо­делімен жұмыс істеуде. Мысалы, Қыл­мыс­тық кодекс бас бостандығынан айыруды көз­де­мейтін жазалармен толықты, бұдан бө­лек, қылмыстық тергеу процесі едәуір же­ңіл­деп, адвокаттардың құқығы арта түсті. Осын­дай түбегейлі заңнамалық өзгерістер ішкі істер органдарының қызметіне тың серпін берді.

Нәтижесінде, өткен жылдан бастап елі­міз­де қылмыс саны алдыңғы жылмен са­лыс­­тырғанда 12%-ға азайды. Бұл – поли­ция қызметкерлерінің күн-түн демей, ел тұр­ғындарының қауіпсіздігі үшін атқарып жат­қан табанды еңбектерінің нәти­жесі. Жо­ғарыда айтқан көрсеткішті қыл­мыс түр­леріне қарай тарқатар болсақ, кісі тонау 15,2%-ға, зорлық-зомбылық 14,4%-ға, ұрлық 12,2%-ға, бұзақылық 19,6%-ға төмен­де­генін көреміз. Қоғамдық орындар мен көше­лер­дегі қылмыстар да 11-12%-ға азайды.

Қылмыс санын азайтуға алдын алу бағы­тын­да жүргізілген жүйелі жұмыстар да ай­тар­­лықтай әсерін тигізеді. Сол себептен құ­қық бұзушылықтардың алдын алу жұмыс­та­рына түрлі қоғамдық ұйымдарды, белсенді азаматтарды, жалпы халықты тарту аса ма­ңыз­ды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, қо­ғамдағы келеңсіздіктермен жұртшылық болып бірлесіп күрескенде ғана елдік сана көтеріліп, халықтың құқықтық сауаты артады. 

Осы орайда біз Елбасымыздың ұсақ бұза­қы­лыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын бас­шылыққа ала отырып, халық арасында түсін­діру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Оның нә­тижесі жылдан-жылға анық байқалып келеді. Тұрғындар өз аулаларында, көп қа­бат­ты үйлердің кіреберісінде ішімдік ішіп, аула тыныштығын бұзатын топтардың тір­лі­гіне бұрынғыдай көз жұмып қарамайтын бол­ды. Полицияның учаскелік инспекторла­рына, полиция бөлімшелеріне дереу хабар­ла­сып, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға шара қолдануды талап етеді. Халықтың осындай белсенділігі арқасында елімізде ұсақ бұ­за­қылықтардың саны да азайып, тұр­ғын­­дардың заңды сақтау мәдениеті артып келе­ді. Біз болашақта да халықпен осы ба­ғыт­­та бірлесіп жұмыс жасауға мүдделіміз. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмыстың ал­дын алуда жергілікті әкімдіктермен бірге «мек­­теп инспекторлары» институтын дамыту ба­­ғытында нақты жұмыстар қолға алынды. Со­­ны­мен бірге мүдделі мемлекеттік орган­дар­­мен бірлескен жұмыстар да жас­өс­пірімдер ара­сын­дағы қылмысты азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар есебінен 18 мыңға жуық жол-пат­руль­­дік полиция қызметкері осындай бей­не­тір­кеуішпен қамтамасыз етілді. Ал биыл өңір­лердегі ішкі істер органдары 3950 дана бей­не­тіркеуішке өтінім берді. Олардың бәрі жер­гілікті әкімдіктер тарапынан қолдау тап­қан. 
Жалпы, ішкі істер саласы заман талабына сай көптеген қызмет түрін электронды нұсқаға көшіру бағытында ауқымды істер атқаруда. Бұл жұмыстар, сайып келгенде, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген мін­деттерді орындаудың алғышарттары. Мәселен, өткен жылдың шілде айында Астана қаласы ІІД базасында электронды Бі­­­рың­­ғай әкімшілік өндіріс тізілімі бойынша арнайы қанатқақты жобаны іске қосқан еді. Ал күзде барлық өңір­лердегі ішкі іс­тер органдарының осы жүйе­ге қосылуы қам­­­тамасыз етілді. Бүгінде жол-патрульдік по­ли­ция қызметкерлері жол ере­жесін бұзу фак­тілеріне байланысты әкім­ш­і­лік хаттамаларды планшеттердің кө­ме­гі­мен электронды түрде толтырып жүр. Бұ­рын қағаз хаттаманы толтыру үшін поли­ция қыз­мет­керіне кемінде 20 минут, тіпті одан да көп уақыт қажет болатын. Қазір электронды хаттама небәрі 5 минутта толтыры­лады. Сондай-ақ планшеттің көмегімен жол-патрульдік полиция қызметкері ІІМ-нің мәліметтер базасына кіріп, құқық бұзушының нақты мекенжайын анықтап, көлік құралының техникалық байқаудан өткен-өтпегені туралы, жүргізуші куәлігіне, бұрын салынған айыппұлдарға қатысты және басқа да қажетті мәліметтер алады. Қазіргі уақытта жол-патрульдік полиция қызметкерлері 914 планшетпен қамтамасыз етілген. Олар толтырған электронды хаттама 118 мыңнан асады. Болашақта полиция қыз­­меткерлерін планшеттермен жабдықтау жұ­мыс­­тары жергілікті әкімдіктермен бірге одан әрі жалғастырылмақ.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында «Учаскелік полиция инспек­тор­ла­ры­ның қызметіне арналған ақпараттық мә­лі­мет­тер базасын» және «Тергеуші» авто­мат­тандырылған ақпараттық жүйесін де іске қосу жоспарда бар. Бірінші жоба бойынша әрбір учаскелік инспектор планшетті компьютермен жабдықталып, Ішкі істер министрлігінің ор­талықтандырылған ақ­параттық жүйесіне еркін кіруге мүмкіндік алады. Осы арқылы полицей оқиға орнында тәр­тіп бұзушыны толық тексеріп, әкімшілік өндіріс ісін электронды түрде рәсімдейтін болады. 

«Тергеуші» ақпараттық жүйесі үшін де бар­лық тергеушілер мен анықтаушыларды жеке планшеттермен жабдықтау көзделген. Олар үшін мемлекеттік органдардың бар­лық ақ­па­рат­тық ресурстары қолжетімді бо­лады. Тер­геу шараларын іске асыру бары­сын­­да атал­ған жүйе автоматты тәртіпте тер­геу­ші­лер­ді про­цес­с­уалдық құжаттардың дайын бланкі­­ле­рімен қам­тамасыз ете алады. Бұл, өз кезегінде, қыл­­мыстық істі тергеу процесін жеделдетіп, оның сапасын едәуір арттырады.

Бұл жүйе Бас прокуратура іске қосқан «Электронды қылмыстық іс» жобасын қайта­ла­майды, керісінше оны толықтырады. «Тергеуші» ААЖ қылмыстық істі тергеу бары­сындағы ақпаратты жинақтау мен өңдеуге көмектесетін болса, «Е-қылмыстық іс» базасы рәсімделіп қойған құжаттарды жинауға және сақтауға жол ашады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері аталған базаны өз жұмысында қолдануды бастап та кетті. 

Көпшілікке мәлім, ішкі істер саласы қо­ғам­дық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қыл­мыс­пен күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу сияқты маңызды міндеттермен қатар, халыққа 39 түрлі мемлекеттік қызмет көр­сетеді. Бүгінде осы қызметтердің басым көп­шілігін электронды нұсқаға көшіру, сапасын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүр­гізілуде. Қазіргі күні бес қызмет толықтай элек­тронды нұсқада көрсетілсе, 14 қызмет ішінара автоматтандырылған. Соның нәти­жесінде бірқатар қызметтің көрсетілу мерзімі айтарлықтай қысқарды.

Бұған қоса, жеке куәліктер мен төлқұжат­тар­ды дайындау мерзімі де бірнеше есе қысқарды. Бұрын бұл құжаттарды дайындауға екі ай уақыт қажет болса, қазір 15 күнде дайын болады. Ал көлік құралдарын тіркеу арнайы ХҚО-да жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мұндай ХҚО-лар Атырау, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан өзге өңірлердің бәрінде бар. Бұл орталықтарда да бірқатар қызмет түрлері электронды нұсқада көрсетілетін болғандықтан, ел азаматтары Қазақстанның кез келген түпкірінде жүріп-ақ, ХҚО арқылы жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігін алып, автокөліктерін тіркеуге қоюға қол жеткізді. 

Елбасымыздың биылғы Жолдауында құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстық заң­­намаларды ізгілендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру міндеті тапсырылғаны белгілі. Ізгі ниет қашанда ізгіліктің ұясын кеңейтетінін уақыт көрсетті. Елбасымыз бұдан бірнеше жыл бұрын қылмыстық жазаларды, заңнамаларды ізгілендіру бастамасын көтергенде Қазақстан «түрме тұрғындары» саны бойынша әлемде АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында тұрған еді. Қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында бірнеше жыл бойы жүйелі жұмыстар жасалып, нақты міндеттер атқарылуы нәтижесінде біздің еліміз қазір бас бостандығынан айырылғандар саны бойынша 78-ші орынға түсті. Осы аралықта сотталғандар санының азаюына байланысты елімізде 8 қоныс-колония таратылды. 

Ішкі істер министрлігі қызметіндегі маңыз­ды бағыттардың бірі – тұрғындар мен аймақ­тарды табиғи-техногенді төтенше жағ­дай­лар­дан қорғау. Себебі елімізде жыл сайын 17 мыңға жақын әртүрлі төтенше жағдай тір­келеді. Ең көп қауіп төндіретін – өрт. Олар барлық төтенше жағдайлардың 80%-дан астамын құрайды. Біз сәуір айынан бастап шұғыл режімде сауда ойын-сауық орталықтарына және білім беру мекемелеріне жоспардан тыс тексерістер жүргіздік. Нәтижесінде, 15 мың­нан астам заң бұзу фактісі анықталды. Өрт қауіп­сіздігі ережелерін сақтамаған 1220 адам әкім­шілік жауапқа тартылып, 22 нысанның қыз­метін тоқтату туралы материалдар сотқа жол­данды. 

Сонымен қатар 2017-2020 жылдарға арнал­ған тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасы жұмыс істеп тұр. Ішкі істер министрлігінің азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы және мүдделі орталық мемлекеттік органдармен, басқа да ведомстволармен, ұйымдармен бірлесіп, осы жол картасын іске асыруда. 

Саланы жетілдіру, жаңғырту – заман талабы. Осы талап үдесінен шықпай, ел халқының қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себептен де қызметті одан әрі жетіл­ді­ру, Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру, сол арқылы заман көшінің алдыңғы шебінен табы­лу ішкі істер саласының басым-бағыттары ретінде ұдайы басты назарда болады.

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, 
Ішкі істер министрі, 
полиция генерал-полковнигі 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше