Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

314 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұханның қазақ-поляк ынтымақтастығы меноның даму перспективалары туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған арнайы брифингі өтті.

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

Брифинг барысында Елші қазақ-поляк қарым-қатынастарының ағымдағы ахуалы, оның ішінде саяси, экономикалық, мәдениетпен ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өз бағаларымен бөлісті. 2016-2017 жылдары Президент Н.Назарбаевтың Польшаға және Президент А.Дуданың Қазақстанғажасаған іс-сапарларының нәтижелерімен расталған жоғары деңгейдегі сындарлы әрі сенімді сипаттағы ынтымақтастық ерекше атап өтілді.

М.Баймұхан Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Осы тұрғыда Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 22-23 тамызда Варшаваға жасаған сапары шеңберінде қабылданған Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы Декларациясының маңызы зор.

Ынтымақтастықтың практикалық мәселелері 2018 жылы 20 маусымда Астанада өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында талқыланды.

Екі ел ықпалының әсерімен қазақстан-поляк тауар айналымының үнемі өсіп келе жатқан көрсеткіштері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Поляк тарапының мәліметі бойынша, екіжақты тауар айналымы 2017 жылдың нәтижесі бойынша 1 млрд. 243 млн еуроны құрады (2016 жылмен салыстырғанда өсім 62,6%-ды құрады). Қазақстанның экспорты 816 млн. еуро деңгейінде болды (59,4 %-ғаөсті), ал Польшаның импорты 427 млн. еуроны құрады (68,6%-ға өсті).

Инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Варшавада «Kazakh Invest» компаниясыныңдербес әріптесіқұрылды, сондай-ақ Астанада «PAIH» Поляк инвестициялар және сауда  жөніндегі агенттігі өкілдігінің ресми ашылуы өтті.

Өзара сауда көлемінің өсу факторларының бірі транзит-көліктік саласындағы Қазақстан мен Польшаның айқын әлеуеті болып табылады. Қазақстан мен Польша «Белдеумен жол» кең ауқымды бастамасының маңызды бөлігі болып табылады, оған қоса екі ел басқа да баламалы көлік дәліздерін табу бойынша жұмыс жүргізуде.

Елшінің айтуынша, екіжақты байланыстар халықаралық аренада да қарқынды дамып келеді. Екіжақты сыртқы саяси диалогтың нығайуына 2018 жылы Қазақстан мен Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері болуы қосымша мүмкіндіктер тудырады.

2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап поляк азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілуі және 2017 жылдың мамыр айында Астана мен Варшава арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екіжақты ынтымақтастыққа ықпал етті.

Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып келеді. Қазіргі таңда Польшада 800-ге жуық Қазақстаннанстуденттер білім алуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің шедеврлері» музей экспозициясын өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше